ДенсаулықСаулық үшін

Интимдік бұлшықетті жаттықтыруға арналған “Даос” әдісі

Қынап бұлшықетін шынықтыр

Қынап бұлшықетін шынықтыруға арналған түрлі жаттығулар бар. Соның ішінде біреу біліп, біреу білмей жүрген Даостық тәжірибені сынап көруге болады. Тәжірибеге сүйенсек, Даос әдісінде нефрит жұмыртқасы жаттықтырушының рөлінде болмақ. Оның басты қызметі: интимдік бұлшықеттерді босаңсуға үйрету. 

Жалпы бұрын-соңды Кегель жаттығулары жайында естіген болсаңыздар, оның несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшықеттерді нығайтуға арналған жаттығулар кешені екендігінен де хабардар шығарсыздар. Ол жыныстық өмірді жақсарту мен ішекті босату мәселелерінде септігін тиері сөзсіз. 

Ежелгі дәуірдің өзінде-ақ, Қытай императорларының әйелдері мен күңдері  қынапты қатты қысып, іште әртүрлі қимылдар жасауды білген. Олар бұған нефрит жұмыртқаларымен жаттығу жасау арқылы қол жеткізген.

Жалпы жаттыққан қынап ер адамыңыз үшін жағымды жыныстық қатынастың кепілі ғана емес, сондай-ақ, сіздің тояттауыңыздың да кепілі болмақ. Бүгінгі мақаламызда сөз болған жаттығу туралы толығырақ тарқатамыз.

Тыныс алу арқылы қозғалыс 

Нефрит жұмыртқасымен жаттығу жасауға бел бусаңыз, оны қынапта жоғары көтеріп, содан кейін қайтадан бірқалыпты төмен түсіріңіз. Ол үшін арнайы тыныс алу жаттығуы жүзеге асырылуы тиіс.

Тыныс алу барысында кеуде қуысының диафрагмасын ішке қарай тартсаңыз, сол тартылысқа сай жұмыртқа да жоғары көтеріледі. Ал диафрагманың кері қозғалысы кезінде, керісінше, жұмыртқа қынаптан төмен түседі.

Бұл естір құлаққа қарапайым жаттығу болып көрінуі мүмкін, десек те қозғалыстың пайда болуы үшін қаншама таңданыс, түсінбеушілік, кейде тіпті реніш пен күмән туындап жататын сәттер көп. Себебі, қозғалыс барлық интимдік бұлшықеттер, сондай-ақ іш пен бел бұлшықеттері толығымен босаңсыған кезде ғана іске асады.

Жамбас бұлшықеттерінің гипертониясы бүгінгі қоғам әйелдері үшін қалыпты жағдайға айналды. Күнделікті көп отырып жұмыс істейтін әйелдер күйзеліске түскен уақытта жамбас аймағы қысылатындығын байқай бермейтіні рас.

Бұл тұрғыда «Денеміздің бір мүшесін босаңсыту керек» деген құрғақ ой нәтиже бермесі анық. Себебі, дене қысымды көрмейді, демек соған сай бұлшықетті де босаңсытпайды.

Қазіргі таңда нефрит жұмыртқасын орнынан жылжытатын босаңсудың жаңа сапасын іздеу, табу және дамыту Даостық әйелдер тәжірибесіне қатысты семинарларда қарастырылуда.

 

Жаттығуды жақсару үшін жаса

«Бұлшықеттерді босаңсыту үшін осыншалықты азап шегудің не қажеті бар?» деген ой да мазалайтын болар. Қазіргі заманауи медицина жамбас аймағының жеткілікті босаңсуы жыныстық қатынас кезіндегі сезімді күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар әйелдердің денсаулығын жақсартуға да көмектесетіндігін растап отыр.

Даос тәжірибесі көп жағдайда гинеколог мамандардың ұсынысы бойынша тағайындалады.

Нефрит жұмыртқасының ерекшелігі

  • Ең алдымен, қан айналымын қалыпқа келтіреді. Егер әйел жұмыртқаны қозғалтатын босаңсу тереңдігін тапса, қан айналым интимдік аймаққа түседі. Себебі, жамбас аймағындағы қанның тоқтап қалуы көптеген созылмалы аурулардың туындауына себепші болады. Мысалы, қыныптық бөлінулер мен  кисталардан бастап миомаларға дейін зақымдануы мүмкін. Демек, жаттығуларды тұрақты жасау мәселелердің алдын алуға деген қадам болмақ.
  • Қынаптың ішкі қабатын уқалайды. Жоғары және төмен қозғалыс жасаған жұмыртқа қынаптың ұйқысыз рецепторларын «жандандырады», олардың мимен байланысын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар сезімталдық өседі, яғни жыныстық өмір жаңа деңгейге шығады. Бұл өз кезегінде жақындық кезіндегі ләззаттан бөлек, гормоналды фонды теңестіретін үдерістерді қалыптастырады.
  • Мүшелерді орнына «қояды». Денеде барлық мүшелер бекіген белгісіз бір ось бар. Босану, жарақат алу немесе қозғалыссыз өмір салтының салдарынан қисайған омыртқа мен қалған мүшелер осы оське байланысты қозғалуы мүмкін. Бұл олардың қанмен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Жұмыртқамен жасалған тәжірибе жамбас аймағындағы мүшелердің жағдайын «теңестіреді», сондай-ақ олардың табиғи күйін қалпына келтіріп, алдын-алуды қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайларда қынаптың төмен түсуін де емдейді.

Нефрит – нәзік жандылар тасы

Қытай елінде «нефрит» нәзік жандыларды сипаттайтын тас ретінде қабылданады. Нефриттің тәжірибелік маңызы туралы ғылыми дәлелдер болмағандықтан, қазіргі Даос шеберлері қатты силикон жұмыртқаларымен де жаттығу жасап жүр.

Ең бастысы, жаттықтырушы жұмыртқада оны лезде алуға мүмкіндік беретін жіп болуы қажет. Объективті түрде айтатын болсақ, жіп психологиялық жайлылық пен әйел тыныштығы үшін маңызды.

 

Жұмыртқаны жылжыту техникасы

Жұмыртқаны жылжытуды суреттердегі «итеру» техникасы арқылы меңгеруге болады. Десек те, босаңсу тереңдігін, оның жамбас бұлшықеттерімен байланысын әрі сауықтыру әсерін қамтамасыз ету үшін нұсқаушының көмегі қажет.

Естеріңізде болсын: 

Біріншіден, нұсқаушы әйел адам болуы тиіс. Жаттығудың қай тұсында көмек керек екендігін білу үшін алдымен оны өз бетіңізше жасап көргеніңіз жөн.

Екіншіден, нұсқаушы жаттығуды денеңіздің интимдік бөліктеріне қол тигізу арқылы көрсетіп, түзетпеуі керек.

Жаттығу барысында әйел адамдар арнайы киім киеді және оның ойдағыдай орындалуы тыныс алумен тығыз байланысты болып келеді. Мәселен, іш өзі тартылатындай етіп кеуде қуысын кеңейту, іштің тартылуы үшін оны босаңсыту дегендей.

Көп жағдайда әйелдер арқаның қозғалғыштығы мен икемділігі әрі іш қуысы мен тыныс алу жаттығуларын жасайды. Бұл тұрғыда жұмыртқа жаттығулардың қаншалықты дұрыс орындалатындығының көрсеткіші ретінде қызмет етеді.