СұқбатСырласу қонағы

«Қиындықты қалай жеңемін?»Ляйлә Сұлтанқызынан 5 кеңес:

Біріншіден, басыңа түскен іске бағынбай қайтесің. Әрине, сабыр сақтап, істің-мән жайын түсінуге тырысыңыз. Аяқ астынан болған істі кім-кім де болсын бірден түсіне алмайды. Сондықтан ойға, сабырға уақыт берген жөн

№2. Терең дем алып, өзімді ретке келтіру.  Адамның ішкі дүниесі  тынышталып, ретке келсе, ойлау да,  дұрыс шешім қабылдау да оңай болмақ!

№3. Істің мән-жайын түсініп алған соң, оның орын алу себебін анықтаңыз. Жан-жақты сараптамадан, ой елегінен өткізген соң, мәселенің шешімін табуға әрекет жасаған жөн.

№4. Адам ең алдымен өзіне сенуі керек. Қандай жағдай болмасын, сіз кез-келген уақытта қиындықпен бетпе-бет кездескенде жалғыз болатыныңыз сөзсіз.

№5. Cынды дұрыс айта білетін адамдармен дос болыңыз. Дос деген күннің өзінде, ол сын айтса, сіз қабылдай алатын адам болсын. Сонда ғана сіз оны тыңдап, өзгеруге тырысасыз. «Сын түзелмей – мін түзелмес». Бірақ кейде сол өзіңізге ұнамайтын, «басқа түскен қиындық» деп санайтын жағымсыз әдеттеріңіз басқаларға кедергі жасамаса, өміріңізге, жұмысыңызға нұқсан келтірмесе, өзгеруге тырысып та қажеті жоқ сияқты. Бәлкім сіз сол қылығыңызбен  артық, сол мініңізбен ерекше шығарсыз?!