Бала саулығыДенсаулық

Лактаза және лактоза: Ара жігін ажырата білейік

Көптеген ата-аналарды баласының аллергиясы бар-жоғы немесе басқа да құрамдарға төзімсіздігі жайлы сұрақтар жиі мазалайды. Ал, балаңыздың ағзасы кәдуілгі сүтті қабылдамаса ше? Оны қалай анықтаймыз? Ол үшін арнайы талдау жасау қажет пе?

Мына жағдай сізге таныс па?

«Баламның нәжісі сұйық әрі іші жиі ауырады. Нәрестем небәрі 2 айлық қана. Бізге лактоза жеткіліксіздігі үшін генетикалық сынақтан өтуге кеңес берілді. Ал, қорытынды нәтижесінде «бала лактозаны сіңірмейді» деп жазылыпты. Енді не істеуім керек?»

 Шешімін тауып көрейік!

Негізінде сүттің құрамында қант болады. Сол сүтті қант – ЛАКТОЗА. Бұл емшек сүтінде, сиыр сүтінде және басқа да кез-келген сүтте көп мөлшерде кездеседі.

Сүт қанты, яғни, лактоза жіңішке ішекке ЛАКТАЗА ферментінің көмегімен сіңеді. Егер бұл фермент мүлде жоқ болса немесе аз бөлінсе – лактаза жеткіліксіздігі орын алады. Ол лактаза жетіспеушілігі немесе лактозаға төзімсіздік деп аталады.

Лактаза жетіспеушілігі және лактозаға төзімсіздік екеуі тең ұғым.

Лактаза ферментінің болмауы және жетіспеушілігінің бірнеше себебі бар:

Аллергия және инфекция

Вирус, бактериялар және аллергиялық қабынулар жіңішке ішек жасушаларына зиян келтіреді. Нәтижесінде ферменттер аз бөлінеді немесе мүлде бөлінбейді. Яғни, ферментсіз сүт қанты сіңірілмейді. Инфекцияны емдетіп, аллергиядан құтылсаңыз – жасушалар қалпына келіп, ферменттер көбейіп, мәселе де жойылады.

Физиологиялық жетілмеу

Кейде ішек және оның жасушалары еш бұзылмаған, бірақ жетілмеген болуы мүмкін. Салдарынан ферменттер аз бөлінеді де, сүт қанты сіңірілмейді. Бұл – физиологиялық лактаза жетіспеушілігі деп аталады. Сондықтан балаға уақыт беріңіз, оның ағзасы жетіліп, барлығы өздігінен түзеледі.

Жас шамасы

Эволюциялық кезеңде ересектер емшектегі нәрестенің құнды әрі дәмді сүтін бірге алып жүрмеуі үшін табиғат қорғаныс механизмін ойлап тапқан. Ал ересек адамдарда фермент аз бөлінетіндіктен, сүт қанты нашар сіңіріледі. Бұл жас ерекшелігіне сай лактаза жеткіліксіздігі – жасқа байланысты гиполактазия деп аталады.

Қажетті ферменттің әуел баста болмауы

Бастапқы гиполактАзия – бұл туа бітті лактаза жеткіліксіздігі. Ағзасында бұл фермент өндірілмейтін балалар өте сирек туылады. Бұл жалпы, адамда сирек кездеседі.

Лактаза жетіспеушілігінің бар немесе жоқ екендігін тексеретін көптеген сынақ түрлері бар. Ол үшін: нәжіс арқылы көмірсуларды  және ауаға шығарылатын сутегіні талдаудан бастап, жіңішке ішектен биопсия алу сияқты сараптамалардың барлығы жасалады. Қалыпты жағдайда нәрестенің алғашқы айларында нәжістегі көмірсулардың шамасы 1%-ға дейін, 3-5 айда 0,5-0,6%, ал жыл өткеннен кейін – 0,25%-ды құрайтындығын білу тиіс.

Бірақ кішкентай балаларға лактаза жетіспеушілігін анықтиайтын геномды талдау жасалмайды! Негізінде адам ағзасында фермент өндірісін бастайтын ген болады. Ген жұмыс істеген кезде фермент өндіріледі.  Мұндай ген болмаса немесе оның бір кемшілігі болса, өте сирек кездесетін бастапқы лактаза жетіспеушілігі орын алады.

Геннің жұмысы арнайы «қосқыш» арқылы бақыланады. Ал, балаларда бұл «қосқыш» өшірулі. Сондықтан ген өздігінен жұмыс істеп, фермент өндіріліп, сүт қанты сіңе береді. Жас шамасына қарай (3-10 жас) «қосқыш» іске қосылады, сол кезде ген өз жұмысын тоқтады. Ген жұмысы тоқтаса, фермент бөлінбейді.

Жалпы, оның сызбасы қарапайым: ген жұмыс істесе – фермент өндіріледі. Ал ол жұмыс істемесе, фермент жоқ. Ген жұмыс істейді ме, әлде жоқ па – ол коммутатормен реттеледі. Бұл жағдайда геннің жұмысы толығымен немесе жартылай өшірілуі мүмкін, яғни ген жұмысын жалғастырады және фермент синтезделеді, бірақ белсенді түрде емес. Генетик мамандары төмендегідей белгілейді:

  • 13910С – көрсеткішінде ген жұмыс істемейді.
  • 13910Т – көрсеткішінде ген 50-70% жұмыс істейді.

Адамда әрқашан екі ген бар – біреуі әкесінен, екіншісі анасынан – соған сәйкес келесі нұсқалары болуы мүмкін:

  • С/С – әдетте адамда 3-10 жастан кейін сүт қанты сіңірілмейді(ересектердегі лактозаға төзімсіздік).
  • С/Т мұндайда адамда 3-10 жастан кейін сүт қанты сіңіріледі. Бірақ аз мөлшерде. Капучино немесе балмұздақтағы сүт сіңіріледі, ал көбігі бар кәдімгі сүт сіңбейді (жасушаларында бір геннің әртүрлі формасы бар ағзалар).
  • – Т/Т – 3-10 жастан кейін адам сүтті литрлеп ішсе де, оған ешқандай зиян келмейді (ересектердегі лактозаға төзімділік).

Мұндағы әңгіме ағзада фермент өндіретін ген туралы емес екенін ескеріңіз! Бұл ересектер мен жасөспірімдердегі осы геннің жұмысын анықтайтын «қосқыш» (LCT лактаза генін реттеу аймағы) туралы!

Осыған сәйкес, «лактозаға төзімсіздікке байланысты гомозигота түріндегі полиморфизм – C/C» деген қорқынышты нәтижеге ие болсаңыз, онда жоғары ықтималдық дәрежесі бар деген сөз. Ондай болса, балаңыз 3 жастан кейін сүт ішуден бас тартады немесе сүт пен сүт өнімдерін сирек тұтынады.

Сонымен…

  • Лактаза жеткіліксіздігіне генетикалық талдау жасауды тек 1,5-3 жастан кейін ғана қолға алған тиімді.
  • Осы талдаудың нәтижесіне қарап, баланың 3 жастан кейін сүт және сүт өнімдеріне төзімділігі немесе қарсы көрсеткіштеріне байланысты құнды ақпаратқа көз жеткізу болады.