News

Little Brazil  Бразилияға жол бастайды

9 наурыз күні Алматы қаласында Little Brazil ет мейрамханасы салтанатты түрде ашылды. Дәл осы жиынға орай Бразилиядан келген бас аспаз, ет дайындаудың хас шебері Фернандо Мариа Рей Гольфарине да қонақтар ортасында болды. Ол  Little Brazil мейрамханасының чурраско-бар мәзірін дайындап, өзінің жеке рецептерін енгізіп, құпия ингредиенттерді қосқан.

Фернандо Мариа Рей Гольфарине TIME OUT Doha сыйлығының иегері, сонымен қатар,  Катарда «Ең үздік Чурраскерия», «Ең үздік латынамерикалық мейрамхана» (Churrascaria Rodizio), Tripadvisor байқауында Excellence Quality (Churrascaria Rodizio), Дохадағы Fact Magazine номинацияларын жеңіп алған.

Жәмиля Серкебаева, Әсел Сәдуақасова, Дильназ Ахмадиева, Жандарбек Сәрсебаев, Ася Оспанова, журналистер мен блогерлер   Little Brazil-дің алғашқы қонағы болды. Бас аспаз дайындаған тағамдардан дәм татып, Мәскеуден келген музыканттардың каверлерін тыңдады. Сонымен қатар, бразилиялық бишілердің көңілді биін тамашалады.

Little Brazil – ет-чуррасконы дәстүрлі латынамерикалық әдіспен дайындайтын мейрамхана. Тапсырыс берген қонақ «Stop» деген жазуды көтермейінше түрлі ет өнімдерін тоқтамастан алып келе беретіндігімен ерекшеленеді.

Теңіз өнімдері мен құс етін ұнататындар өз ортасында беделді аспаз Рүстем Тәнгіровтың дайындаған тағамдарынан дәм татты.

Бразилияның өзіне ғана тән элементтер ғимарат интерьерінде үйлесімді көрініс тапқан. Табиғи материалдар, қанық түстер, өсімдіктермен көмкерілген төбенің бірегей пішіні  мейрамхана қонақтарына Рио-де-Жанейро жағалауында жүргендей әсер қалдырды.