News

L’Oréal коронавируспен күресуді қолдау мақсатында ынтымақтастық бағдарламасын бастауда

122Қаралымдар

L’Oréal Paris сауда белгісі Covid-19-бен күреске өз үлесін қосады. Денсаулығын қатерге тігіп қызметте жүрген денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерін қолдау мақсатында L’Oréal Paris Мейірімділік Ерікті Қоғамымен бірлесе отырып, Қазақстан ауруханаларына 20 000 дана қолға арналған гель-санитайзерді тегін береді және жеткізуді қамтамасыз етеді.

Азық-түлік тауарларын сату саласындағы серіктестермен ынтымақтастық: Garnier сауда белгісі тұтынушыларды азық-түлік пен бірінші кезектегі қажет тауарлармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқан ірі азық-түлік сауда желілеріндегі қызметкерлерге 11 000 дана қолға арналған гель-санитайзерді тегін береді және жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл дүкен қызметкерлерінің аурудың алдын алу үшін ұсынылған ережелерді сақтай отырып, өзін қорғауына көмектеседі.

«L’Oréal Қазақстанда осы дағдарысты жеңуге қолдан келгенше көмек көрсету және төтенше жағдайға тап болған қоғамға ниеттестігін білдіру үшін зор жауапкершілікті сезінеді, сонымен қатар пандемиямен күресу үшін ерекше шараларды қолданып жатқан барлық жанға алғысы мен қолдауын білдіргісі келеді. Біз осы індетті жою үшін тынбай және аянбай қызмет етіп жатқан ержүрек адамдармен біргеміз және осындай қиын шақта біздің әрекетіміз аз да болса көмек болады деп үміттенеміз. Мен осы теңдессіз күреске белсенді қатысып, үлес қосқысы келетін өз командамның әр мүшесінің табандылығын мақтан тұтамын», – деді Ресей мен ТМД-дағы L’Oréal бас директоры Клаудио Кавикьоли.

L’Oréal тобы 100 жылдан аса уақыттан бері сұлулық бағытында қызмет етіп келеді.  L’Oréal-дің бірегей халықаралық қоржынына әрқилы және бір-бірін толықтыратын 36 бренд кіреді. 2019 жылы топтың сауда көлемі 29,87 млрд еуро болды, ал дүниежүзі бойынша қызметкерлер саны 88 000-ға жетті.

Дүниежүзіндегі озық парфюмерлік-косметикалық топ ретінде L’Oréal барлық дистрибуциялық арнада қамтылған: жаппай сұраныс тауарларының нарығы, әмбебап дүкендер, дәріханалар, сұлулық салондары, бажсыз сауда орындары, фирмалық сауда орындары және электронды коммерция.

Ғылыми зерттеулер мен инновациялар L’Oréal стратегиясының негізін қалайды, ал 4 100 адамнан тұратын зерттеу командасы дүниежүзінде сұлулық саласындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. L’Oréal өз қызметін тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік қағидасына сәйкес жүргізеді және «Sharing beauty with all» жобасы аясында алдына биік мақсаттар қояды.