Нумерология

МАМЫРДА сандар не жасырады?

Мамыр айы молшылық пен өркендеуді уәде етеді. Бұл – қаржылық жетістіктің, сыйақы алу мен дамудың айы. Сіз өзіңіз қалаған өмірді сүріп, армандаған дүниелеріңізге қол жеткізесіз. Ең бастысы, күнде таңертең оянған кезде өзіңізге: «Мен әр күнімнің нәтижесі үшін толық жауаптымын» деп айтыңыз. Сол кезде күнделікті таңғажайып дүниелер орын алатын болады. Өзгерістерге және барлық жаңа нәрселерге дайын болыңыз, бұл барлық жеке сандарға қатысты. Ендеше жеке санымызды есептеп көрейіік.

Жеке сандарды есептеу үлгісі: Туылған айыңыз бен күніңіздегі барлық сандарды қосыңыз. Мысалы,
22 қараша – 2+2+1+1=6
Шыққан нәтижеге 1 санын қосыңыз – 6+1=7

Ал енді болжамға келетін болсақ:

  1. Бір айға алдыңызға мақсат қойып,
    оны қалай жүзеге асыратындығыңыз туралы жоспар құрып, дереу орындауға кірісіңіз. Өміріңізді өзгертуге және бір істі бастауға қолайлы уақыт: жаңа серіктестік, достық қарым-қатынас, жұмыс, хобби. Сәттілік әкелетін түстер: ақшыл көк түс, қызғылт, қызғылт сары, қызыл.
  2. Тыныш, тұрақты ай. Әр бөлшекке назар аударыңыз. Эмо- цияларыңызды бақылауда ұстаңыз. Тау қопаруға тырыспаңыз, жұмысыңыздың өздігінен алға басуына мүмкіндік беріңіз, түзету қажет дүниелерге алдау жасаңыз. Сәттілік әкелетін түстер: ақ, сары, алтын түстес, ашық қызғылт сары, қара.
  3. Өзіңізге ләззат, қуаныш, шабыт сыйлайтын жұмыстарды бірінші орынға қойыңыз. Зеріктіретін, кертартпалыққа әкелетін міндеттерді мүмкіндігінше келесі айға ысырыңыз. Сәттілік әкелетін түстер: алқызыл, ашықсары, сарғыш.
  4. Ұйымдасқан жұмысқа арналған ай. Әлсіз тұстарыңызды тауып, тәртіп орнатыңыз және кедергі келтіретін қасиетіңізді жойыңыз. Бұл өмірдің барлық саласына, әсіресе, жұмысқа қатысты.Сәттілік әкелетін түстер: көк, көгілдір, жасыл, ал қоңыр, сұр.
  5. Жаңа адамдармен танысыңыз, қызықты орындарға барыңыз, жаңа мүмкіндіктер мен ұсыныстарға «иә» деп жауап беріңіз.  Саяхат пен шытырман оқиғаларға қолайлы уақыт. Сәттілік әкелетін түстер: қызыл, қара, көк, алқызыл.
  6. Отбасыңызға көбірек уақыт бөліп, үй шаруа- сымен айналысыңыз. Айналаңыздағы адамдар неге мұқтаж екенін ұғынып,оларға қол ұшын беріңіз. Өзгелерге қаншалықты көңіл бөлсеңіз, өзіңіз де соншалықты қамқорлыққа ие болатындығыңызды ұмытпаңыз. Сәттілік әкелетін түстер: күміс түсті,
    теңіз толқыны түстес, қыша түсті.
  7. Өзіңізбен оңашада қалып, сырласыңыз, өзіңізге көбірек уақыт бөліңіз. Өз әрекеттеріңіздің дұрыс-бұрыстығына талдау жасаңыз. Өзіңізге шамадан тыс жұмыс пен міндеттер жүктемеңіз. Не керек екенін және не кедергі келтіретінін анықтаңыз. Сәттілік әкелетін түстер: көгілдір, күлгін, қызылкүрең.

     

  8. Нәтижелі және ұйымшыл ай. Сіз өз іс-әрекеттеріңізден нақты әрі мардымды нәтиже көргіңіз келеді. Сіз бір ғана емес,бірнеше мақсатқа жетуді көздейсіз, оның ішінде өзге адамдардың жұмы- сына басшылық ету де бар. Сәттілік әкелетін түстер: алтын түстес, жирен,
    платиналы, жап-жасыл, сұр-көк.
  9. Жұмысыңызды аяқтаңыз, нәтижесін шығарыңыз және қарыздарыңызды
    таратыңыз. Жаңа істерді бастамаңыз. Керісінше, алдағы айда уақытыңызды және күш-жігеріңізді жаңа істерге жұмсау үшін неден бас тартуға болатыны туралы ойланыңыз. Сәттілік әкелетін түстер:
    күлгін, ақ, жасыл, сарғыш.