News

Маусымның жарқын оқиғасы

Алматыда SUN GROUP халықаралық холдингінің «Queen Almaty» бірегей мейрамхана кешені ашылып, жарқын оқиға кең көлемде аталып өтті.

Queen Almaty өзінің ауқымымен таң қалдырады. 4000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан кешен көлемі жағынан Алматыдағы үздік үштік тізіміне енеді. Кешеннің ішінде жазғы терраса, TOKYO азия тағамдарының мейрамханасы, ballroom, VIP алаң мен караоке бар.

Жапон асына деген заманауи көзқарас пен оның жаңа интерпретациясы, жеке концерттік зал, кешеннің бірегей интерьері мен экстерьері – Queen Almaty кешенінің ашылуы сән-салтанаты жағынан барлығынан асып түсті.

Queen Almaty ашылуына орай SUN GROUP ғаламат ауқымды екі күндік мереке сыйлады. Алғашқы күні, 17 мамырда, ұйымдастырушылар жаңа форматта dinner show ұйымдастырды. Оған келген шетелдік және отандық қонақтардың саны 800-ге жуық адамды құрады. Олар Queen Almaty кешенінің гастрономиялық және мәдени мерекелік атмосферасын сезіне білді. Қонақтардың қатарында Баян және Тұрсен Алагөзов,  Виктория Момынбаева, Жәмиля Серкебаева, Қарашаш Жүзеева, Ленара Баталова, Бейбіт Әлібеков,  Гаухар Қаппарова, Әсел Сағатова, Сабина Алтынбекова сынды қазақстандық бомондтың жарқын өкілдері болды.

Жазғы террасаның ашылуына орайластырылған dinner show балет пен цирк әртістерінің, live orchestra мен вокал нөмірлерімен көркем безендірілді. Ал музыкалық көңіл-күйді вокал шеберлері мен Dj Hummer құлпыртып жіберді.

 

Жазғы террасаның ашылуына SUN GROUP қожайыны, танымал ресторатор Александр Орлов қатысты. Ол сахна төрінен қонақтар мен қала тұрғындарын осы айтулы оқиғамен құттықтады. Одан кейін, қонақтарға Queen Almaty шеф-аспазы Сергей Байсаревич пен бренд шеф Сергей Юрчишин салтанатты түрде таныстырылды. Қонақтар азия аспаздық өнері шеберлерінің талантын жоғары бағалады. Кешеннің негізгі локациясы – TOKYO мейрамханасы Сергей Байсаревичтің жетекшілігімен ашылады.

Ал екінші күні, 18 мамырда, Queen Almaty кешеніндегі үлкен дебют – эстрада жұлдызы Валерий Меладзенің концерті өтті. Танымал әртіс қонақтардың қошеметіне ие болып, заманауи концерт залының жоғары сапасын атап көрсетті.

«Queen Almaty» концерттік залы бос болмайтыны сөзсіз. 3 маусымда музыкант, автор, скетч-шоулар мен комедиялық жобалардың продюсері Семён Слепаковтың авторлық кеші өтеді деп күтілуде.