жыныстық қатынас
Ақ босағаОтбасы

Мен оны қаламаймын…Жыныстық өмірге әсер ететін 3 нәрсе

Жыныстық қатынас ерлі-зайыптылар өмірінде маңызды дүниелердің бірі. Дені сау еркек үшін аптасына 2-3 рет жыныстық қатынас қалыпты жағдай болса, әйелдер үшін, өкінішке қарай, бұл көптеу болуы мүмкін. Ол әйелдің денсаулығындағы ақауды білдірмейді. Көбінесе әйел заты үй шаруасына жегілгендіктен, физикалық тұрғыда шамасы келмеуі мүмкін. Келесі фактор – денсаулығына орай болуы да мүмкін. Әйелдің төсек ләззатына деген құлшынысына түрлі себептер бар. Соның бірі либидоға әсер ететін жанама факторлар. Осы және өзге де себептері туралы толығырақ.

Ер адамның қиялында мінсіз әйел үй шаруасына пысық, ақылды әрі төсекте жақсы көңілдес бола білуі керек. Әлбетте алғашқы екі пункт көптеген нәзікжандының бойында бар. Алайда жыныстық қатынас мәселесіне келгенде біраз қиындықтар туындайды. Төсек қатынасының сиреп, сапасыз болуы неге байланысты?

Жыныстық қатынасқа газдалған сусындардың зияны

Газдалған сусындардың зияны туралы көп естідік: олар тісті зақымдайды, құрамындағы қант, кофеин және бояғыштар ағзадан кальцийді жояды. Сондай-ақ, ғалымдар ондай сусындардың либидо мен репродуктивті функцияға әсер ететінін анықтады.