Екеудің құпиясыЖан әлемі

Мезгілсіз жолыққан жақын жан. Өкінішке орын жоқ!

Өмірде жолымыз түрлі адамдармен тоғысады, кейде өз адамымызды жолықтырып, бақыттан басымыз айналады. Бірақ бұл кездесу мезгілсіз кезде орын алуы әбден мүмкін. 

Шыққан деміміз бен қараған көзқарасымыздан ойымызды бірден түсінетін жан туралы естеліктер жадымызда жатталып қалары анық. Белгілі бір жағдайларға байланысты сол адаммен қоштасуға мәжбүр боламыз, содан соң өткенге оралып, ұшырып алған бағымызды ойлап, бармақ тістеп жатамыз. Бәлкім, бұл дұрыс та шығар?

Ғашықтық – өмірдегі ең бақытты сәттердің бірі. Десе де, сезім оты сәтсіз уақытта тұтанса, не болмақ?

Әрқайсысымыз жанымызға жаққан бір адамды жіберіп алғанымыз рас. Оның қалай болғаны есіңізде болар? Бір-бірімізге деген тартылыс күші, көз алмай қараған көзқарас әлі күнге ұмытылмақ емес. Ол қас-қабақтан айтқызбастан түсініп, еркелігімізді көтеріп, адамгершілігімізге сүйсінетін жан еді. Бұл кездесу кездейсоқ емес, тағдырдың маңдайға жазғаны болды. Алайда уақыт өте келе бәрі кері кетті. Ол жұмыс бабымен басқа қалаға көшіп кеткен болар немесе оның қарым-қатынас туралы ойлануға уақыты болмаған шығар? Оқиғалардың барысына әсер ете алмаған уақытта шындықпен келісуге тура келеді.

Өзімізді маңызды дүниеден шектемейміз бе?

Жақында психологиялық терминологияда «жоғалтып алу қорқынышы» (FOMO – жоғалту қорқынышы) анықтамасы пайда болды. Белгілі бір нәтижеге қол жеткізгіміз келсе және оған қол жеткізе алмасақ, жоғалту, қайғыру, өкіну, тіпті өшпенділік сезімі бойымызды билеуі бек мүмкін. Бұл сезімдерге ерік берсек, қиялдағы идеалмен байланысымыз сақталатындай көрінеді. Бірақ айырылып қалу қаупіне ерік бергеннен гөрі жағымсыз сезімдерді басып, жай ғана өмір сүруді жалғастырған дұрыс.

Ренішке толы қарым-қатынастың ғұмыры қысқа

Егер қиын қарым-қатынастан енді ғана құтылсақ немесе эмоционалды алшақтықты бастан кешірсек, болмысымыз алдымызда дұрыс адам тұрса да, қателігімізді қайталаудан қорқып, бұрыс адамға тап болудан сақтанады. Мәселен, шетелде жұмыс істеу немесе қиялымыздағы оқу орнына түсуге байланысты тамаша мүмкіндік туған кезде қарым-қатынасқа бола кемел келешектен бас тартатындар аз. Бір жағынан, уақыт өте келе жоғалтып алған адамымыз туралы ой өзегімізді өртейтіні де бар. Егер ара-қатынаста өкпе-реніш болса, түптің-түбінде қарым-қатынас құлдырайды.

Айрылысуға сылтау табылады 

Ішкі дүниеміз қарым-қатынасымызға қарсылық білдірсе, яки олар орынсыз болса, ішкі қалауымызға қарсы шығудың салдары ауыр болады. Бір қарағанда бәрі керемет болып көрінуі мүмкін, тырысуға да болатын сияқты, десе де қазір емес.

Мәжбүрлі қарым-қатынас жақсылыққа апармайды 

Бұл – еріксіз қарым-қатынастағы жұбымызды мезгілсіз кезде кездестіретініміз туралы шындық. Мұны қабылдау, әрине, ауыр. Дейтұрғанмен, өкінбеңіз! Себебі бұл ара-қатынас дұрыс емес еді. Дұрыс адам қажет уақытта пайда болады, өйткені мұндай адамдар уақытқа бағынбайды.

Олар армандарыңыз бен мақсаттарыңызды қолдайды әрі әрдайым жаныңыздан табылады. Біз бір дәуірде өмір сүріп жатқандықтан, сол эмоциялық толқында қала береміз. Бізден ешкім ештеңе күтпейді және өз өміріміз үшін кешірім сұраудың да қажеті жоқ.

Бұрыс адам не үйретеді?

Ақыр соңында олар шынайы махаббат пен адам дамуының көрсеткіші ретінде өмірімізге пайда болғанын ұғынамыз. Айтылған идеалогияларға қарама-қайшы болғанымен, бұл – шындық. Ғалам кез келген жанды өмірімізге бекер жіберген жоқ. Біз одан сабақ алдық, өкіндік, қайғырдық, жыладық, тіпті ең соңында өмірлік сабақ алдық. Солай емес пе?! Ең бастысы, сол қажетсіз байланыстардан тәжірибе жинап, өмірде енді ондай қателіктер жібермеуді үйрендік. Есте сақтаңыз, махаббат оты өмірде бір емес, бірнеше рет тұтанатыны белгілі, ал сол сезімдер жаңа әрі тамаша дүниелерді үйретеді. Сондықтан – өкінішке орын жоқ! Барлығы өсмір сабақтары деп қана қабылдайық!