СәнСтилист кеңесі

Миди белдемшесі

Заманауи миди – тізеден төмен және балтырға дейінгі ұзындықта қайта жаңғырды. Жалпы, қазір тізеден төмен түсетін белдемшелерді кез келген жерден кездестіруге болады. Оның ішінде трапеция түріндегі, алдыңғы жағы тілінген белдемшелер ерекше сәнге ие.

Bershka 5990 теңге

Түймелі, қалтамен көм­керілген, белбеулі және белбеусіз түрлері де сәннен қалмақ емес. Белдемшенің матасы мен пішіні де өзгеден ерек көрінуге мүмкіндік береді. Қазіргі маусымның маст-хавы былғарыдан, тығыз тоқылмалы матадан, саржа, құрақ, бүрмелі және қатпарлы маталардан тігілген белдемшелер. Оның қатарында табиғи жүннен және жібектен тігілген үлгілері де бар.

Есесіне резеңкелі және етегі жабысқан белдемшелер өткен жылдардың еншісінде қалды. Қазір тік және А түрінде пішілген нұсқалары өзекті саналады. Дизайнерлер мұнымен тоқтамай, үлгілерді күн сайын жаңартуда. Ал, миди белдемшелері етік, кроссовка және ботильондармен жақсы үйлесім табады.

Gucci бағасы сұранысқа сай

Prada бағасы сұранысқа сай

Белдемшені етікпен киетін болсаңыз, етіктің қонышы белдемше астында қалуы тиіс. Бұл жерде аяқ көрініп тұрмауы керек. Егер ботильонмен кисеңіз, балтырдың әдемілігін көрсетуге мүмкіндік бар. Ал, кроссовкамен киілген миди белдемшесін, арқа сөмкесімен және қысқа күрткемен толық­тырсаңыз, бейнеңіз жайнап шыға келері сөзсіз.

Вероника Булгакова-Гудзь,
«Сырласу» журналының
стилисі veronika_bulgakova_gudz