МакияжСұлулық

Мінсіз макияж: Француз аруларының құпиясы қандай?

423Қаралымдар

Француз арулары өз уақытын тиімді пайдаланғанды ұнатады. Десе де олар өмірден ләззат алып, әр күнін мағыналы өткізуді ұмытпайды. Сол себепті шектен тыс боянып, айнаның алдында бар уақытын өткізбейді.  Бұл елдің сұлулары макияждың жеңіл түріне басымдық береді. Бұл материалда біз мінсіз француз макияжына қол жеткізудің басты құпиялары жөнінде талқылаймыз.

  1. Тональді крем. Теріңіз жарқырап, мінсіз болып көрінуі үшін оған бірнеше қабат тональді крем жағудың қажеті жоқ. Бар болғаны креммен ылғалдандырып, макияжға дайындасаңыз болғаны.
  2. Опа. Күнделікті макияж үшін тональді кремнің орнына жай ғана опаны қолдансаңыз болады. Ол үшін қылқаламға опаны жағып алып, артығын құрғақ майлықпен сүртіп алыңыз. Сонда бетіңізге қажетті көлемде опа жағылады.
  3. Көз бояулары. Француз арулары аса қатты боянғанды жақсы көрмейді. Сол себепті табиғи түстерге басымдық береді. Әсіресе көз бояуларын аса мұқият таңдап, барынша дұрыс бояған жөн.
  4. Өңлік. Өңлік тек макияжға көрік беріп, теріні балғын етіп көрсетуі керек. Сол себепті оны жағарда шектен шықпаған жөн. Өңлікті күліп тұрып, беттің шығыңқы жақтарына қылқаламның көмегімен жағу керек,
  5. Қас. Қас – макияждың негізі. Қасты бояу үшін қанық түсті көз бояуларын не қарындашты қолдануға болады. Мінсіз қасқа қол жеткізу үшін ең әуелі оны төменге қарай тарап, арасын көз бояуымен бояп алған жөн. Содан кейін қайта жоғары қарай тарап түссіз гельмен бекіту қажет.