News

Молл Апорт киносүйгіш қауымға тарту жасайды

Алматы және Алматы облысы тұрғындарына Молл Апорт жағымды жаңалығын тарту етпекші. 13 жылдан бері айтулы аймақ жұртының көңілін көтеріп келе жатқан сауда орны енді киносүйгіш қауымды да қуантуды көздеп отыр.

Сауда орталығындағы Kinoplexx 7 Aport кинотеатрында арнаулы акция жарияланды.

  • “Шексіз дүйсенбі”  – дүйсенбі күндері кинотеатрға 1500 теңгеге билет сатып алып, күні бойы шексз сеанстарға кіруге болады.
  • “Суперсейсенбі” – ересек адамдарға 900 тг, студенттерге 700 тг, балаларға 500 тг-ге киноға билет сатып алуға болады.

Айтулы акция жаз маусымының соңына дейін жалғаспақ.

Айта өтейік, Молл Апорт өз келушілеріне түрлі шаралар өткізуді әдетке айналдыруда. Соның ішінде түрлі көрмелер, фан кездесулер және талантты балалар мен жастар концерттерін ұйымдастыруда. Жақында ғана режиссер Әлен Ниязбеков ұсынған “Казахи против Прищельцев” фильмінің тұсауы кесіліп, фан кездесу өткізген болатын. Онда басты рөлдерді сомдаған Бауыржан Сатов пен Тәуекел Мүсілім қатысып, көрермендер сұрақтарына жауап беріп, арнайы суреттерге түсіп, көрермендермен бірге фильмді тамашалаған болатын.