ДенсаулықСаулық үшін

Мұрын бітелуінен қалай арылуға болады?

665Қаралымдар

Мұрынның бітелуі – сіз мүмкіндігінше тезірек құтылғыңыз келетін жағымсыз сезімдердің бірі. Егер тамшылардың көмегіне жүгінгіңіз келмесе немесе қолыңызда мұрынға арналған тамшы болмаса, жағдайыңызды жеңілдету үшін Сыралғы құрбыңыз ұсынған кеңестерге жүгініп көріңіз!

Мұрын қуысымен жұмыс істеңіз

Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтардың көмегімен мұрынның қанаттарын аздап басып, оларды шеңбер бойымен 1-2 минуттай жұмсақ уқалаңыз. Бұл процедура тыныс алу жолдарын ашуға көмектеседі, осылайша сіңбіру де жеңілдей түседі.

Мұрынның жоғарғы жағын қолмен қыздырыңыз 

Микротолқынды пеште алдын ала қыздырылған немесе ыстық суға батырылған жылы матаны алып, онымен мұрныңызды жауып қойыңыз. Компресс жай ғана жылы болуы керек. Одан бөлінген жылу шырышты ерітеді, бұл өз кезегінде мұрныңызды сіңбіруге көмектеседі.

Екі қас арасындағы нүктені ұқалаңыз

Екі қас арасындағы нүктені жеңіл басып,  бір минуттай уқалаңыз. Бұл массаж мұрынның құрғауы мен қабынуын болдырмауға әсер етеді.