мырыш
ДенсаулықСаулық үшін

Мырыш қажет ағза ауруға бейім

Мырыш – адам ағзасындағы барлық жүйелердің жұмысын реттейтін әрі бактерияларға, вирустар мен инфекцияларға қарсы тұру қабілетімізді бақылайтын маңызды микроэлемент. Сарапшылардың пікірінше, ағзадағы мырыш тапшылығы елді жайлаған індеттің белгілерін оңай қабылдап, вирустық инфекциялардың көбеюіне себепші болған. Бұл – ағзадағы бір элементтің жетіспеушілігі адамның бүкіл иммундық жүйесіне қалай әсер ететінін көрсетті.

Пандемия барлығымызға иммунитетті нығайту мен ағзаны түрлі инфекциялардан қорғауға үйретті әрі әрқайсысымыздан «мықты сарапшы» жасады.

Ғалымдар иммундық бұзылыстың белгілері: жиі тұмаурату, жұқпалы аурулардың асқынуы, жаралардың баяу жазылуы, созылмалы шаршау синдромы мен тітіркенгіштіктің адам ағзасындағы мырыш тапшылығының белгілерімен сәйкес келетіндігін анықтады. Бұл туралы айтулы мақаламыздан толығырақ таныса аласыздар.

Мырыш қызметі

Т-лимфоциттерінің жетілуіне әрі жасушалық иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін тимустың және тимус бездерінің қызметіне әсер етеді;

жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялану ұзақтығын баяулатады әрі ағынын жеңілдетеді;

инфекциялардың көбеюіне жол бермейді, сондай-ақ жасуша мембраналарына жабысу қабілетін тежейді;

Коронавирусты емдеудегі тиімді элемент

Тұмаудың алғашқы белгілерін байқаған бойда таблетка немесе сироп түріндегі мырышты қабылдау қажет. Ол ағзамыздағы қайталану мен асқынулардың алдын алып, жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларымен тиімді күресуге көмектеседі.

Соңғы жылдардағы медициналық зерттеулер мырыштың COVID-19-дың алдын-алу, оны емдеу және аурудан кейін ағзаны қалпына келтіруде тиімді екендігін анықтады. Сонымен қатар бір топ зерттеушілер иммунитетті арттырудағы мырыштың оң әсері вакцинацияны жеңіл әрі асқынусыз өткізуге, сондай-ақ вакцинаға тұрақты иммундық жауап қалыптастыруға көмектесетіндігін баса атап өтті.

Мырышты ағзаға сіңіру қиын

Мырыш ағзада өздігінен жиналмайды және синтезделмейді. Бұл микроэлементті ағзаға сіңіру қиын болып табылатындықтан, мырыш тапшылығын азық-түлік көмегімен толтыру да әрдайым тиімді бола бермейді. Осыны естен шығармаңыздар.

Диета ұстап, алайда сүт өнімдерін жиі пайдалансаңыз, кальций мырыштың биологиялық белсенділігін төмендетінін ұмытпаған жөн.

Спортпен күнделікті шұғылданатын және вегетариан адамдарға микроэлементтің күнделікті мөлшерін көбейту керек. Антибиотиктерді, диабетке қарсы және босануды бақылайтын препараттар мен  антивитаминдер қабылдау да мырышқа деген қажеттілікті арттырады. Ал микроэлементтің ағзада артық мөлшерде болуы дененің мыс сіңіру қабілетіне кері әсер етеді.

Есіңізде болсын!

Құрамында мырышы бар препаратты таңдаған уақытта жасыңызды, жынысыңызды, физикалық жағдайыңызды, өмір салтыңыз бен басқа да көптеген факторларды ескеру қажет. Әрқашан мырыш қоспасының пішініне, құрамына және өндірушісіне назар аударыңыз!

Мырыш тапшылығының алдын алу

Дәруменді-минералды жетіспеушілікті емдеуге арналған препараттарды дайындайтын көшбасшы – «Вёрваг Фарма» неміс фармацевтикалық компаниясы мырыш тапшылығының алдын-алу және емдеу мақсатында қазіргі заманғы «Цинкит» монопрепаратын ұсынады. Цинкит – ересектерге де, балаларға да қабылдауға ыңғайлы көпіршікті таблеткалар түрінде шығарылады.

Препараттың артықшылығы:

иммунитетті қорғайды;

гормоналды тепе-теңдікті реттейді;

теріңізге, шашыңыз бен тырнақтарыңызға әдемілік пен жасару сыйлайды;

тіндердің қалпына келу процестерін жеделдетеді;

репродуктивті функцияларды қалыпқа келтіреді;

көру қабілетін жақсартады;

жұмысқа қабілеттілік пен күйзеліске төзімділікті арттырады.

Айта кететін жайт, мырыштың арқасында С дәрумені ағзаға жақсы сіңеді.

Мырыш тепе-теңдігін қалыпқа келтіру үшін бір ай көлемінде күніне 1 таблетка Цинкит қабылдау жеткілікті. Тұмау жиі қайталанатын уақытта, коронавирус белгілері байқалғанда және иммунитетке қауіп төндіретін басқа да аурулар кезінде препарат қабылдау курсын жылына 2-3 рет қайталаған жөн.