Cән мен сұлулықБет күтімі

Наурыздағы сұлулық сырлары

Үй жағдайында жасалатын маскалар

Терінің құрғақтығын жоюға 15 минутта әзірленетін маска көмектеседі. Оны екі күнде бір рет жасап тұру керек.

Қаймақ пен банан

Бананның жарты бөлігін 2 ас қасық майы аз (10%) қаймақпен араластырамыз (10%).

Алма мен аскөк

Аскөкті шаршы пішіндес етіп турап, аз мөлшерде су қосып, төменгі температурада қайнатамыз. 5 минуттан кейін алдын−ала кесілген алма тілімдерін қосамыз. Әбден араласқан соң, біртекті массаға келтіріп езбе жасаймыз да, аз ғана сүт немесе кілегей қосуымызға болады.

Жұмыртқа сарысы

1 шай қасық бал, 50 г майлылығы аз сүзбені және 1 жұмыртқа сарысын араластырамыз.

Желантин қасылған крем. 

Сіз желатиннің түрлі қалыпқа ене алатын, қоймалжың қоспасының арқасында көптеген сұлулық салондарында жақ пен жақасты терілерінің созылуының алдын алу мақсатында «механикалық» маска ретінде қолданылатынын білесіз бе?
Желатин ақуыз бен аминқышқылдарының терідегі алмасуын реттеуші болып табылады. Ол ұсақ әжімдерді жойып, бетті нәрлендіріп қана қоймай, ағартады, қанайналым жүйесін реттейді.

Құрамы:

1 шай қасық желатин , 100 мл су, 3 ас қасық бал, 0,5 стакан глицерин және 1 г (шымшым) салицил  қышқылын жақсылап араластырамыз..
Дайын болған кремді бет терісіне күніне ұйықтар алдында 2 сағат бұрын жағып,  20 минутқа қалдырамыз. Теріге сіңбеген кремнің қалдықтарын майлықпен сүртеміз.