Жан әлеміТест

Некеге тұруға дайынсыз ба?

Біз «неге үйленбей жүрсің, қашан тұрмыс құрасың?», – деген сауалдарды ойланбай қоя саламыз. Мүмкін ол адам қасындағы серігіне әлі сенімді емес болар. Шаңырақ көтеруге психикалық тұрғыда дайын болу керек. Біз тест ұсынып көрейік. Осыған жауап беру арқылы да өз дайындығыңызды бақылай аласыз.

1. Сүйіктіңіздің бауырлары мен ата-анасының туған күнін білесіз бе? Ол туралы қаншалықты білесіз? Қай оқу орнын бітіріп, қайда қызметте екенінен хабардар ме едіңіз?
Әрине, сөзсіз «ИӘ» деген жауап қайырамын – 10 балл
Сәл қателесуім мүмкін, былай жалпы білемін ғой – 5 балл
Жоқ, білмеймін-ау – 0 балл

2. Оның аяқкиімі мен киімдерінің мөлшерін, қай түсті ұнатып, қандай стильде киінетінін білесіз бе?
Әрине, «Иә» – 10 балл
Кішкене қателесуім мүмкін, жалпы білемін – 5 балл
Білмеймін-ау, шамасы – 0 балл

3. Оның барлық туыстары мен дос-тарын жатырқамай, тіл табысып кете алдыңыз ба?
Әрине, «Иә» – 10 балл
Біреулермен араласамын әйтеуір – 5 балл
«Жоқ», олар маған тіптен ұнамайды –0 балл

4. Екеуіңіздің алдағы жылдарға, 10 жылға жоспарлаған ортақ мақсаттарыңыз бар ма?
Әрине, бар – 10 балл
Бұл туралы әңгімелесіп көрмегендіктен, жауап беру қиындау – 5 балл
Жоқ – 0 балл

5. Сіздерді үнемі қызықтыратын ортақ хоббиларыңыз бен демалыс орындарыңыз бар ма?
Әрине, бар – 10 балл
Әрине бар, бірақ іс жүзіне келгенде біз оны жылына 2-3-ақ рет жүзеге асырамыз – 5 балл
Ондай бізде жоқ екен – 0 балл

6. Сіздің серігіңізде қанша балаларыңыз болатыны және қашан болатыны жайында нақты жоспар бар ма?
Әрине, бар – 10 балл
Бұл жайында әңгіме болады, бірақ нақты мысалдағыдай емес, немесе біз жоспардан тыс балалы болғалы жатырмыз. Сол үшін де бас құрауды жөн деп шештік – 5 балл
Жоқ. Біз тіпті жоспарсыз жүктілік кезінде қатты ренжіскен едік – 0 балл

7. Жалғыз қалғанда оның қылықтары мен иісін сағынасыз ба?
Әрине, онсыз бола ма? – 10 балл
Үнемі сағынып жүремін деп айта алмаспын – 5 балл
Жоқ, мүлдем сағынбаймын – 0 балл

8. Егер жан-жал басталып кетсе сіздер ауыр сөз айтпайсыздар. Қол көтеріп, қорлық көрсету деген сіздерде жоқ.
Әрине, жоқ – 10 балл
Өкінішке орай, біздің жұпта үнемі болып тұрады – 5 балл
Біздің қарым-қатынаста бұл қалыпты жағдайға айналып кеткен – 0 балл

9. Сіздердің одақта өз үйлеріңізге қол жеткізу, ортақ отбасылық табысты кеңейту жоспары бар ма?
Әрине, бар – 10 балл
Бұндай әңгіменің соңы тұманданып кетіп отырады – 5 балл
Жоқ – 0 балл

10. Тұрмыстық жағдайларға байланысты бір-бірлеріңізге көңіл толмаушылықтар кездесе ме? Үй тазалығы, дүкенге бару, ас дайындау деген секілді әрекеттердегі түсіністіктерді айтып отырмыз.
Тұрмысытағы пікірлеріміз сәйкеседі – 10 балл
Арасында келіспеушіліктер болады – 5 балл
Бізде тұрмыстық түсінбеушіліктер жетіп артыла- ды – 0 балл

ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ:

80–100 баллдың арасында жинасаңыз, онда сіз некеге тұруға толық дайынсыз. Егер бес балдық жүйемен бағалар болсақ, мұндай нәтижеге «5» деген баға қойылады.

60–80 баллдың арасы «4» деген бағаға лайықты.

40–60 баллдың арасы. Мұндай жұптар кішкене қарым-қатынас жағын толықтыруы тиіс. Бес баллдық шкала бойынша «3» деген баға қойылады.

40 балл төменгі нәтиже сәйкессіздікті білдіреді. Бұл жұптар әлі бір-бірін толық танымаған «2» деген баға қойылады. Соңы ажырасуға алып баруыда мүмкін.