News

NEMA FEST: Үздік инфлюенсерлер есімдері анықталды

Өткен аптада Алматы қаласында NEMA FEST салтанатты рәсімі өткен болатын. Іс-шара барысында әлемнің 11 елінен ең танымал блогерлер арасында 12 номинация бойынша жеңімпаздардың есімдері жарияланды.

Жоба негізін қалаушысы Шухрат Ибрагимовтың сөзінше, премия тәжірибе алмасу, жаңа серіктестік құру және отандық контентті ілгерілету мақсатында құрылған.

Жобаға дайындық бір жарым жыл бұрын басталды. Осы уақыт ішінде марапат форматы бірнеше рет өзгеріп отырды. Бастапқыда 70 номинация ұсынылғанымен соңында тек 11 номинация бекітілді. Олардың ішіндегі ең негізгісі – “Жыл инфлюенсері”.

NEMA’22 бас продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, жүлде жыл сайын одан әрі ауқымды болып өтпек. «Кез келген жүлде жыл сайын тәжірибе жинақтауы керек. Жоба әлеуеті зор. Үнемі сахна сыртында жүргендерді марапаттайтын кез келді», – дейді ол.

Сонымен қатар, халық NEMA’22 номинанттарына жобаның nema-fest.com ресми сайтында онлайн режимінде дауыс берді. Сондай-ақ, қазылар алқасының дауыстары да ескерілді.

Онлайн дауыс беру нәтижесінде және қазылар алқасының дауыстарын ескере отырып, I International NEW ERA MEDIA AWARDS NEMA’22 жеңімпаздары:

  • Travel bloger – Мурад Османн,
  • Вайнер – Серғазы Тоқтарбек,
  • Food блогер – Абир Сагир (Ливан),
  • Sport – Ангелина Лукас,
  • Best TikTok Woman – 43 900 000 оқырманы бар Алина Ким,
  • Best ТikТok man — 47 000 000 оқырманы бар WonJeong,
  • Жыл баспасөзі – ORDA.KZ ақпараттық-сараптамалық порталы,
  • News maker — Динара Сәтжан,
  • Fashion bloger – Ash Wear киім брендінің негізін қалаушы қазақстандық модель Айя Шалқар,
  • Beauty bloger – атақты ресейлік визажист Гоар Аветисян болды.

Сондай-ақ, “Жыл жаңалығы” номинациясын ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам қайраткері, кәсіпкер Дамир Аманжолов ұтты. Айта кетейік, ол қаңтар оқиғасының ошағына тап болып, зардап шеккендерді аман алып қалуға және өртті сөндіруге көмектескен еді.

Ал “Жыл инфлюенсері” бас жүлдесі екі бірдей тиктокерге бұйырды. Олар Алина Ким (Қазақстан) және WonJeong (Оңтүстік Корея)