Cән мен сұлулықБет күтімі

Beauty-сарапшыға сауал: бет күтімі, пластикалық ота және дұрыс тамақтану турасында

Бет күтімі, пластикалық ота және дұрыс тамақтануға байланысты өзіңіз дұрыс деп шешкен 3 түйін сөзді тауып, "Сырласу" журналы мен Herbalife Nutrition компаниясы бірлескен байқауға қатысыңыз! Байқаудың шарттарын "Сырласу" журналының инстаграм парақшасында @syrlasu_jurnali оқи аласыз! Жеңімпаз атанып, Herbalife Nutrition әйелдерге арналған дәрумендері мен SKIN 7 күндік сынақ бағдарламасын сыйлыққа алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Ғаламтор әлемі шексіз пайдалы деректерге бай болғанына қарамастан, нақты әрі дұрыс ақпаратты маманның өз аузынан естіген маңызды. Сол себепті оқырманның бет күтімі, пластикалық ота мен дұрыс тамақтану турасында жиі қойылатын ең үздік сұрақтарына Herbalife Nutrition сұлулық сарапшысы Любовь Зиновьева жауап берді.

Herbalife Nutrition сұлулық сарапшысы Любовь Зиновьева

Бет күтімі, пластикалық ота мен дұрыс тамақтану жөнінде сұлулық сарапшысына арналған сұрақтар:

1. Жасым 30-да, соңғы кездері бетімде ұсақ әжімдердің пайда бола бастағанын байқадым. Әжімнің алдын алу үшін қандай бет күтімін таңдау қажет? 

Күтімді дұрыс таңдау үшін терінің түрін ескеріп, ишараның қаншалықты өзгеретінін байқаған дұрыс. Күтімге әжімнің түрі де едәуір әсер ете алады. Олар өз кезегінде мимикалық, гравитациялық және дене қозғалысына байланысты бөлінеді. Мәселен, ботулинотерапия маңдай немесе көздің  айналмалы бұлшық етінің белсенді жұмысына байланысты туындайтын әжімдер үшін қолайлы.

Егер сіз ұзақ уақыт оң жақ бүйірмен ұйықтасаңыз, онда бет, мойын және дененің осы жақ бөлігіндегі әжімдер жас ұлғайған сайын тереңдей бастайды. Әжімдердің осы бір түрі үшін мимикалық гимнастика, пластикалық массаж немесе мануалды модельдеу тамаша шешім болып келеді. Оның алдын алу үшін су мен липидтердің тепе-теңдігін сақтаған маңызды. Сонымен қатар коллаген де әжімнің алдын алады. Оның синтезі үшін ақуыздың, антиоксидант-дәрумендердің (өсімдік және жануар) тәуліктік нормасын ескеріп, жеткілікті мөлшерде таза су ішкен абзал.

Жаз мезгілінде міндетті түрде күн көзінен қорғайтын кремдер немесе SPF-косметика қолдану міндетті. Күн көзіне күйген теріде әжімдердің анағұрлым тез пайда болады.

 2. Бет терісін қалай дұрыс тазалаған жөн? Өнімнің құрамына не кіруі қажет, ал қандай элемент зиянын тигізе алады?

Бет тазарту кезінде оны кешке және таңертең тазалау керектігін ұмытпаған жөн. Өйткені, адам ұйқыға кеткенде май мен тер бездері секреция бөледі. Сондықтан таңертең бетіңізге тоник пен гель жақпастан, суық сумен жуынып, крем жаға салғаныңыз ақылға қонымсыз.

Теріні Лангер сызықтары бойынша (мысалы, көзді сыртқы бұрышынан ішкі бұрышқа, ал бетті – мұрыннан құлаққа қарай) тазарту керек. Бұл оның икемділігіне әсер етеді. Суға аса көңіл бөліңіз, хлорланған суды сүзуден өткен немесе қайнаған суға ауыстыру керек.

Бет терісін құрғатпау үшін өнімнің құрамына спирт, сульфат пен парабендер кірмегені абзал. Жыл мезгіліне байланысты теріні тазалағаннан кейін, бірден қорғану, нәрлендіру мен ылғалдандыру кезеңіне көшіңіз.

3. Күніне қанша өнім қолданған жөн? Бетке арналған 7 өнімді бірден қолданған дұрыс па?

Қолданатын өнімді таңдау және оның көлемі – қойылған мақсаттарға тікелей байланысты. Әдетте күтім бойынша (тіпті кешенді күтім бойынша) 4, ең көп дегенде 5 өнімді қолдануға кеңес беріледі. Бұл оңтайлы сан болып есептеледі.

Бұл күтімнің мысалы ретінде HERBALIFE SKIN  өнімінің желісін алуға болады. HERBALIFE SKIN – бұл сіздің теріңіздің жастығын ұзарту үшін теңдестірілген тамақтану.

Таңертеңді тазартудан бастаған жөн. Алоэ негізіндегі тазартқыш гель таңертең сергектік береді, сондай-ақ терінің құрғақ жерлерін ылғалдандырады, ал шөп негізіндегі тонер мен сарысуды таңертең және кешке қолдануға болады.

Егер таңертең уақыт тығыз болса, бірден тонер қолданып, содан кейін сарысу қолданған тиімді. Бет терісіне лезде сіңетін сарысуды жаққан соң, көз айналасына арналған кремді қолданамыз. Кешке жоғарыда айтылған тазартудан кейін, кешенді күтімге жаңартқыш түнгі кремді қосуға кеңес беремін.

Таңдаудың дұрыстығына көз жеткізу үшін – HERBALIFE SKIN косметикалық сериясындағы 7 күндік тері күтіміне арналған мұқият тазарту және тамақтану сынақ бағдарламасының кеңестерін пайдаланыңыз.

Теріңізді бақытқа бөлеңіз!

4. Қыс және күз мезгілінде SPF кремдерді тұтыну қажет пе? Ол кезде күннің көзі көрінбейді ғой. Айналамдағылар қажет десе де, жақын күндері крем қолдану міндетті емес дегенді оқыдым.

Мұнда ашық ауада болу ұзақтығын түсінген маңызды. Теріге D витаминін синтездеу үшін күн көзінің бір бөлігін алу маңызды, сондықтан кеңседен 10-15 минутқа шықсаңыз, крем қолданудың қажеті жоқ. Бірақ, УФ-индексінің көрсеткіші өте үлкен болса және күн астында 6 сағаттан артық жүру керек болса, қорғаныш кремді қолдану міндетті.

Көктемде күн мен түн теңескеннен кейін крем күнделікті күтімнің маст-have-ына айналуы тиіс. SPF 25-30 аралағыныдағы кремдерді қолданған абзал. Оны сыртқа шығардан 10-15 минут бұрын жағу керек.

5. Терінің қоректенуі мен тағам мөлшерінің арасында байланыс бар ма? Сұлулық құпиялары бар ма және дұрыс тамақтанудың жолдары қандай?

Өте маңызды сұрақ: косметикалық күтім сауатты және толыққанды тамақтанумен бірге жүруі керек. Өйткені, тамақтану да дәл косметика секілді детокс – тазартуды жүзеге асырады. Бұл мәселені ас қорыту жүйесін тұрақтандыратын Herbalife Nutrition сұлы-алма сусыны шеше алады.

Ағзаның антиоксидантты қорғанышын күні бойы оны бірқалыпты ұстайтын шөптік сусындар түзей алады. Сондай-ақ , әрбір әйел ағза өз бетінше бере алмайтын дәрумендер мен минералдар кешенін қабылдау керек. Ақуыздың тұрақты тәуліктік мөлшері есебінде Формула 3 протеинді қоспасы қосылған формула 1 протеинді коктейлін қолданып, ағзаның жаңаруын да есепке алған маңызды. Тері қабатын жидек скрабы мен HERBALIFE SKIN желісінің косметикалық маскасы құрамында бар жеміс қышқылдарынан (алма, гликоль және лимон) тұратын  пилингпен жаңартуға болады. Әсер ету механизмі бойынша пилинг терінің коллаген синтезін күшейтеді. Бұл ұлпалардың серпімділігі мен икемділігін арттырады.

Дұрыс тамақтану мен сауатты күтім теріге сұлулық пен әсем көрініс береді.