Нумерология

Нумеролог кеңесі: Қай жаста тұрмыс құрған тиімді?

Отбасын құруға ең оңтайлы кезең – 20 және 29 жас аралығы. 26 жасты қоспаймыз. Өйткені дәл осы жаста жұптар арасындағы және отбасындағы қарым-қатынас ең алдыңғы қатарға шығады. Соның ішінде 23, 24, 25, 27 және 29 жастар шамасы некеге тұруға ең қолайлы мезгіл.

Нумерология жұптардың бірге өмір сүрген жылдарындағы орын алатын қиын сәттерді былайша топтастырады: 3, 8, 11 және 22 жыл.

Бірге болған 3 жыл – жұптардың өміріндегі алғашқы қиын кезең. Осы уақытта 2 эгоизмнің 1 арнаға тоғысқанын көруге болады. Әрқайсысы өзбетінше, өз қызығушылықтарымен айналысып жүреді де, одан әрі дамиын десе, қасындағы адам оған кедергі келтіретіндей көрінеді. Ерлі-зайыптылар осы кезеңді ештеңеге қарамай бағындыра алса, уақыт өте келе қарым-қатынастары жақсы дамып, өркендейді.

8 жыл неке үшін қауіпті кезеңдердің бірі. Осы уақыт ішінде болған нәрсенің бәрі шексіздікке айналады. Бұрынғы қызық азайып, өзара бағасы жоғалады. Кейбір некелер ажырап та кетеді. Арада нағыз махаббат болса, бір-бірін бағаласа, бұл кездегі тоқырауды еңсеріп, қайтадан бақытты ғұмыр кешуге болады.

11 жыл бұл да отбасы үшін қиын кезең. Өйткені алаңға екі бірлік және екі эго қайта шығады. Эго – шағым айту, менмендік, көп нәрсе талап ету, адамды өзіне бағындыру, өзін табуға деген ұмтылыс.

18 жыл жұптардың өмірінде орын алатын өте ауыр мезгілдердің бірі. Бұл кезде адам үшін өмірдегі барлық құндылықтар қалыпты жағдай көрініп, махаббаттан басқа дүниенің бәрі өтеді. Өзімшілдік алға шығады. Жұптардың қарым-қатынасты жалғастыруға, мәңгі үйлесімде өмір сүруге деген ұмтылысы болса ғана бұл дағдарыстан шыға алады.

Бірге кешкен 22 жыл шамадан тыс күш жұмсау. Яғни, жұптың ішіне тағы бір жұп әсер етеді. Ашық айтқанда, жылдар бойы дамып келе жатқан жұп пен ең әуелгі жұптар тартысы. Иеленген және дәмелінің арасындағы дау. Нәтижесі күткеніндей болмай, көңіл қалушылық жиі орын алады. Алайда ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы жақсы болып, арада махаббат болса, адам өзі қалаған нәрсеге қол жеткізе алады.

Осылайша некедегі қауіпті кезеңдерді біле отырып, ажырасудан сақтануға болады. Жұптар бұл жылдары жай ғана бірге болуға тырысып, береке, бірлікті және махаббатты сақтай білу керек.

Бірақ шын мәнінде некелі өмірде келеңсіз сәттерден гөрі бақытты шақтар көп. 5 және 7 сандарына аяқталатын барлық жылдар (мысалы, 25, 37 және т.б.) некеге тұруға және отбасын құруға өте қолайлы. Тұрмыс құратын кезде екі адамның туған жылы одақтас екенін ескеріңіз. Сандарды есептей отырып дәл қазір қарым-қатынаста қандай кезең орын алып жатқанын білуге болады.

Некенің сәйкестігін анықтау

Өзіңіздің және серігіңіздің туған күндерін алып, ондағы сандарды ретімен қосып шығамыз. Сосын екеуіңізден шыққан бір таңбалы сандарды бір-біріне қосамыз. Одан да бір таңбалы сан шығу керек.

Мысалы, туған күніңіз: 12.09.1976 болсын. Оларды бірлікке айналдырайық: 1+2+9+1+9+7+6=35, 3+5=8

Серігіңіздің туған күні: 08.04.1972. 8+4+1+9+7+2=31, 3+1=4

Шыққан сандарды қосамыз: 8 + 4 = 12 = 3

Ортақ сан – 3.

Сандардың мәні мынадай:

1 – бір-бірлеріңізбен көбірек тілдесу керек. Әркімнің өз бетінше болуы жақсы емес, соңы зиян келтіруі мүмкін.

2 – бұлтта қалықтау, арман, қиялға берілу. Бірақ қаржы табу үнемі мүмкін болмайды.

3 – ерекше төсек ләззатын аласыздар, бірақ ортақ қызығушылық аз.

4 – неке шынайы достықтан құрылады. Ал, махаббатты сырттан іздеуге тура келеді.

5 – екеуі де өзімшіл. Сондықтан онымен күресіп, бір-біріне мойынсұну керек.

6 – әлемді сүйіспеншілікпен құрсаңыздар, сол әлемде өмір сүре аласыздар.

7 – әрдайым қол жетпейтін дүниеге ұмтылып, болмашы қуаныштарды байқамайды.

8 – әрдайым көшбасшылыққа таласу.

9 – өте жақсы көңілдес бола аласыздар. Бірақ неке үшін қолайсыз.

Әрине, әр адамның тұрмысын егжей-тегжейлі талдау үшін жеке есептеу қажет болады. Өйткені бұл жерде серіктестердің аты-жөні де рөл атқарады.

Баршыңызға махаббат пен жайлылық тілейміз!