Нумерология

Сандар арқылы өмірлік серігіңді таңда!

нумеролог тест
Айжан Серікбаева @a_serikbayeva

Нумеролог тест ұсынады!  Айтулы нумеролог тесті арқылы өмірлік серік таңдаңыз! Серік таңдау – маңызды әрі жауапты шешімдердің бірі. Нумеролог тест арқылы жар таңдау мен қатынас құрудағы басты кедергілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Есте сақтаңыз, өзіңіздің немесе жұбыңыздың көрсеткіші өмір бойы өзгеруі мүмкін, өйткені адамның біртіндеп тәжірибе жинау арқылы мінез-құлық үлгілері мен отбасын құру түсінігі өзгереді. Бұл туралы нумеролог тест арқылы баяндайды. 

Есептеу әдісі:

Есіміңіздегі дауыссыз әріптер + туған жылыңыздың соңғы саны. Шыққан нәтиже – бір санға айналдыру.

Үлгі:

Есіміңіздің дауыссыз әріптерін сандармен алмастыру керек, кейін оларды бір таңбалы санға айналдырыңыз.

Мысалы: Нұржан 5.11.1987 жылы туған.

Н – 6        Р – 9          Ж – 8         Н – 6

6+9+8+6=29=2+9=11=1+1=2

  • 2 (есіміңіздің қорытынды саны) + 7 (туған жылыңыздың соңғы саны)

Шешім

  1. Материалдық жағынан бұл адамға жеке кеңістік, бөлек бөлме, кереует, шкаф қажет болса, ал рухани әлемі ішкі еркіндікті талап етеді. Адам өзінің серігі мен қарым-қатынасына өте аз уақыт, күш пен көңіл бөледі. Осының салдарынан кәрілікті де жалғыздықта өткізуі мүмкін.
  2. Мұндай адам үшін серігінің оған ұқсауы маңызды. Бұл «ұқсастық» әртүрлі болуы мүмкін: бірдей жас мөлшері, бірдей қызығушылық, бір әлеуметтік шеңбер және т.б.

Ол жылы шырайлы, достарымен сөйлесуге әрдайым дайын, жалпы алғанда көпшіл жанды іздейді. Бұл адам өмірлік серігін достарының арасынан немесе достары арқылы табу ықтималдығы зор.

3. Үштік санына ие адам өз серігін барлық күш-жігерімен қайта тәрбиелеп алады. Оған шығармашылықпен айналысатын әрі креативті дүние жасайтын жан қажет. Ол үшін өмірлік серігінің бұл адаммен мақтана алуы, оны барлығына «көрсетуі» маңызды. Сыртқы түрі де келбетті болғанын қалайды.4.  Батыл, тез, сенімді әрі белсенді әрекет ететін жар қажет. Қолына не алса да бәрін тартымды, жарқын, ерекше етіп жасайды. Мұны басқа адамдар оның әрекеттеріне назар аударуы үшін жасайды. Өмірлік серік ретінде ол қоғамда орны, мәртебесі жоғары адамды іздейді. Мұндай адам қасында өзіне лайық әрі жауапты адамды көруді қалайды.

5. Қарым-қатынаста серігінің оған қорған болуы, қолдау көрсетіп, сенім білдіруі аса маңызды. Аяғынан нық тұрған реалисті іздейді. Мұндай адам үшін серігі, ең алдымен, қорғаныш болады.

Ақша, отбасындағы байлық – бірінші орында. Әйел үшін аяғынан нық тұрған бай, табысты адам болғаны маңызды. Ол ер адамның міндеті – отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады деген пайымды нық ұстанады.

6. Алты санына ие адам үнемі серігімен бірге болу, бірге көп уақыт өткізу қажеттілігін сезінеді. Бұл кейде кері әсер етуі де мүмкін. Себебі, жеке кеңістік болуы керек. Мұндай адам үшін серігінің оны жаулап алуы маңызды. Бұл отбасында адамдар үнемі көшбасшылық үшін күресіп, бәсекелесетіндей көрінеді.

7. Қарым-қатынаста мұндай адам сыртқы жағдайлардың қауіп-қатерінен құтқаратын адамды іздейді. Ол өзінен білімді әрі білікті, әлеуметтік мәртебесі жоғары, қызметінде табысты серікті көргісі келеді. Жасы үлкен адамға қызығушылық танытуы мүмкін. Дегенмен серігі бір орында қалып, әрі қарай дамымаса, бұл адам оған деген қызығушылығын жоғалтады.

8. Өмірлік серігіне көп ақша жұмсай алады. Ажырасып жатса да соқыр тиынсыз қалудан қорықпай, оған бәрін береді. Бір қызығы, 8 саны бар адамдардың табыс көзі жақсы болса, ол адамның ерінің/әйелінің табыс көзі болмауы мүмкін. Мәселен, ерлі-зайыптылардың бірі жақсы табыс таба бастағанда, екіншісі жұмысынан айрылады дегендей. Егер өзіңіз 8 санына ие болсаңыз, жұбыңыздың табыс табуына қолдау көрсеткеніңіз жөн.

9. Бұл адам үшін серігінің дүниетанымы мен сенімі оның көзқарасымен толық сәйкес келуі маңызды. «Екі адамға бір өмірлік ұстаным» олар үшін айтылғандай. Сондай-ақ, бұл жағдайда адам әрқашан некеден немесе қарым-қатынастан пайда іздейді. Бұл материалдық та, рухани да дүние болуы бек мүмкін.

Айта өтейік: Бұл тек нумерологиялық тест. Нумерология ғылымы болашақты болжамайды,тек адамдарға бағыт-бағдар береді.