Нумерология

Нумерология: Мінез-құлық коды арқылы сәтсіз жылдарды анықтайық

Әр адамның өзіне сай жеке дабыл белгісі бар. Сондай-ақ, әрқайсысының өзіне тән мінез-құлық коды болады. Егер адам белгілі бір стратегияға сәйкес өмір сүрсе, онда оның жолы болып, жетістікке жетері сөзсіз. Десек те, адам басынан күрмеуі қиын мәселелерді арылтпайтын сәтсіздік коды бар екенін де естен шығармаған жөн. Ол – жан түршігерлік оқиғаларға толы екі жыл.

 

Бұл кодты анықтау үшін айдың қай күндері туғандығыңызға назар аударыңыздар!

 

21.01–19.02 – Өзгеріс коды

Мұндай адамдар өмірлеріндегі барлық дүниені толықтай өзгертулері қажет. Сыртқы келбетін, киім стилін, үйдегі атмосфераны (үйдегі жиһаздарды жиі ауыстыру) және т.б. дегендей. Бос уақыттарында көп және түрлі іспен айналысқандары жөн. Тұрғылықты жердің жиі өзгеруі де оң әсерін берері даусыз.

Мамандықтарыңыз саяхат пен іссапарға толы болса, тіптен керемет. Айта кететін жайт, өз кодыңызға сай серіктес тапсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.

Сәтсіздік коды: 23 жастан 25 жасқа дейін

 

20.02–20.03 – Мереке коды

Бұл код иелері жүздері жылы, көңіл-күйлері көтеріңкі әрі әрқашан ашық-жарқын жүрулері керек. Мұндай адамдар қоғамға оң энергия таратып, сәттілік шақырады. Егер қандай да бір уайым-қайғы мазалап жүрген болса, оларды ойыңыздан шығарып, жүрегіңізге салмақ түсірмеуге тырысыңыз.

Сәтсіздік коды: 37-ден 39 жасқа дейін

 

21.03–20.04 – Уайым коды

Бұл – ең  ауыр код. Мұнда барлық мәселелер уайым арқылы шешім табады. Ортаны сақтауға бой үйретіңіз, яғни іштей уайымға берілу арқылы проблемаларыңызды эмоционалды тұрғыда өңдеп, босатыңыз. Сонда қанша түйіткілді мәселе болса да, шешілері шүбәсіз. Уайым-қайғы адамды жегідей жейді, сол себепті мәселе шешілгеннен соң, позитивке оралуды ұмытпаңыз.

Сәтсіздік коды: 39-дан 41-ге дейін

 

21.04–20.05 – Еркіндік коды

Бұл адамдарға біреуге қатты бауыр басып қалуға болмайды. Себебі, олар сатқындық пен опасыздыққа көп ұрынады. Жұмысқа әбден берілу де оларға тән емес. Қателіктер мен шектен тыс сенім артудан аулақ болу үшін көпшілікке энергияны бірдей таратқаны жөн.

Жұмыртқаны бір себетке салғаннан кейін «жоқ болып кетті» деп жазыңыз. Кем дегенде екі қызмет табыс әкеледі. Бұл код иелеріне үйде отырып қалуға да болмайды.

Сәтсіздік коды: 45-тен 47 жасқа дейін

 

21.05–21.06 – Армандаушы коды

Бұл код иелерінің армандары әрқашан орындалады. Мақсат қойып, оны эмоционалды түрде уақытылы іске асыру керек.

«Мандала» тілек картасын құрастыру – таптырмас шешім.

Сәтсіздік коды: 18-ден 21-ге дейін

 

22.06–22.07 – «Қалпағын аспанға лақтырушылар» коды 

Бұл адамдар өздеріне деген сенімділікті жоғалтпауы керек. Көп нәрсеге ұмтылып, қорқыныш пен күмәннан арылуы тиіс. Барлық салада жоғары жетістіктерге жолдары ашық. Десек те, жайбарақаттылыққа салынып, біркелкілік пен тұрақтылықтың тұңғиығына түссе, қолдағы барды жоғалтып алуы ықтимал.

Сәтсіздік коды: 24-тен 26 жасқа дейін

 

23.07–22.08 – Патша коды

Бұл код иелері өздерін патшадай жоғары деңгейде ұстауы керек. Даналардың ақылына құлақ түре отырып, ойларын ортаға салудан икенбегендері жөн. Оларға көшбасшылық лауазымға ие болу немесе жеке кәсіпкер болу тән. Бұл тұрғыда патшаның қызметі тек бұйрық берумен шектелмейтіндігін, сондай-ақ ол өз халқына қамқорлық жасайтындығын да түсінуі аса маңызды.

Сәтсіздік коды: 18-ден 20 жасқа дейін

 

23.08–22.09 – Жарнама коды

Мұндай адамдар өздеріне сүйіспеншілікпен қарауды үйренуі керек. Қарапайымдылықты ысырып, өздерін жоғары бағалағандары жөн. Өздері туралы белсенді әрі креативті түрде жариялау оң ықпалын тигізері сөзсіз. Бойдағы білімді толықтыру арқылы жұлдыз болуға асығулары қажет.

Сәтсіздік коды: 18-ден 20-ға дейін

 

23.09–23.10 – Бірбеткейлік коды

Бұл адамдар батыл әрі нақты қадам жасай білулері керек. Оларды өзгелердің ойлары қызықтырмағаны жөн. Қажетсіз адамдар өздері-ақ кетеді.

Даралығыңыз бен ерекшелігіңізді көрсете білсеңіз, оның ақша әкелері даусыз.

Сәтсіздік коды: 33-тен 35 жасқа дейін

 

24.10–21.11 – Сұр кардинал коды

Олар халық алдына шығып, жария болудан аулақ болғандары жөн. Ал қарым-қатынаста өздерін әлсіз адам ретінде көрсетуі керек.

Қызметіңізде көлеңкеде қалу әрі барлық күшіңізді бірден көрсетпеген дұрыс болмақ. Ықпалды болыңыз, бірақ жарқырап, өз мүмкіндіктеріңізді өзгелерге көрсетпеңіз.

Сәтсіздік коды: 56-дан 58 жасқа дейін

 

22.11–21.12 – Жақсыға ұмтылу коды

Бұл адамдар мамандық таңдауда қателеспеуі керек, себебі олардың алға басуы тікелей таңдаған мамандықтарымен (дизайн, фотосурет, стилистика және басқа да шығармашылық салалар) байланысты болмақ. Шығармашылық қызмет жетістікке кепілдік береді.

Сәтсіздік коды: 33-тен 35-ке дейін

 

22.12–20.01 – Мансап коды

Бұл код иелері үшін мансапта өсу маңызды. Әйелдер үйде, ал ер адамдар бір жерде отыра алмайды. Мұндай адамдарға үнемі өзін-өзі тану әрі тұрақты өсу қажет. Өз командасын жинап, басшылық лауазымға ұмтылу немесе жеке кәсіп бастау пайда әкелері сөзсіз.

Сәтсіздік коды: 48-ден 50 жасқа дейін