Жан әлеміӨзіңді дамыт

Өмірдегі екі ұдай сезім: Белгісіздікпен күресудің 5 тәсілі

Өмірімізге күтпеген жерден өзгерістер енген кезде екі ұдай сезім мен белгісіздік бойды кернейтіні анық. Мұндайда бір-ақ шешім бар: орын алған жайттарды ақылға салып шешу қажет. Сонымен, екі ұдай сезім мен белгісіздікпен күресудің 5 тәсілімен таныс болыңыздар.  

ЖАЛПЫ МАЗАСЫЗДЫҚ

Ақпарат жетіспейтін жағдайларда екі үшты ой мен белгісіздікті бастан кешіреміз. Бір жағдай орын алған кезде өзімізді қалай сезінетінімізді білмейтін немесе келешектен не күтетінімізді түсінбейтін сәттерде бұл сезім әсте күшейе түседі.

Кейбір адамдар екі ұдайылыққа шыдамды келеді, оған бейімделгіш болады. Сол себепті де мұндай жандар мазасыздықты оп-оңай жеңе алады. Ал басқалары келеңсіз жағдайда ішкі күйзелістерге төтеп бере алмай қалады.

Бүгінгі күні мазасыздық – аса маңызды әрі кең таралған мәселе. Мазасыздық әрі мазасыз-күйзелістік бұзылыстардың саны артуда. Адамдар үлкен шиеленіс үстінде не болып жатқанын «қорытуға» үлгермей, болашаққа алаңдайды.

Белгісіздік пен екіұштылыққа төтеп беру үшін тіректерді әзірлеуге уақыт жоқ. Белгісіздікке төзімділігі төмен адамдар үшін бұл күндері алаңдаушылық деңгейі әдеттегіден жоғары болуы мүмкін. Болашақ және тағдырдың «тосын сыйлары» өмірімізде пайда болғанда қалай күресетінімізді білмейміз. 

Мазасыздықтың жағымсыз дәмі бар, сол себепті көп адамдар оны сезінгісі келмейді. Бірақ алаңдаушылықты тек теріс жағынан қарастырудың қажеті жоқ, себебі ол пайдасын тигізуі де әбден мүмкін. 

Алайда мазасыздық адамның өмірге ашылуына, құндылықтар, мақсаттар мен армандар бағытында әрекет етуіне кедергі келтірсе, қауіпті болуы мүмкін.

Мазасыздық – екі ұдай ойдың ажырамас серігі, десе де оның қармағына ілінбеу үшін онымен қалай күресуге болады?

Белгісіздікпен күресудің 5 тәсілі

1. Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз

Бүгінгі күнді барынша толыққанды сүру өз қолымызда. Сол себепті өзіміз әрі жақындарымыз үшін маңызды әрі пайдалы дүние жасаған абзал. Маңызды кездесулер, қоңыраулар,  жоспарлар сынды бүгін жасай алатын дүниені алдағы күнге қалдырмаңыз. 

Белгісіздік өмірдің шығармашылық кеңістігіне айналуы мүмкін. Мысалы, даму, жасампаздық, икемділік, кеңеюі, еркіндік. Бұл – бүгінгі күнді мағыналы және толық өмір сүруге мүмкіндік.

2. Құндылықтарыңызды қайта қарастырыңыз

Сынақ ретінде орын алған қиын кезеңдер – құндылықтарыңызды қайта қарауға деген жақсы мүмкіндік. Мен қандай адаммын? Осындай болу өзіме ұнай ма? Қандай адам болғым келеді? Ол үшін не істей аламын?

Сіз әлі түсінбеген әрі жүзеге асырмаған құндылықтар туралы ойлау және өмірдің осындай қиын кезеңінде өзіңіз үшін мән таба алу – аса маңызды тірек.

3. Таңдау жасау: өзіңізге әсер ету

Кейде адам өз қалауынан тыс болып жатқан нәрсеге әсер ете алмайды, бірақ ол әрқашан өзіне әсер ете алады. Өзіңізді шыға алмас шыңырауда сезінуіңіз немесе өзіңізді өзіңіз тас қапасқа қамап қойғандай сезінуіңіз мүмкін. Өзіңді ішкі түрмеден босату дегеніміз – дәрменсіздікті жеңу, тәуелсіз шешімге ұмтылу, әр жағдайдан шыға білу және дер кезінде не істеу керектігін таңдау еркіндігін қабылдау. Әрқашан өз жігеріңізді қайрап, оның өзіңізге де, басқаларға да пайдалы екенін сезінуге болатын орын, себеп, мақсат таба білген жөн. 

4. Өмірге жігер беретін дүниені түсіну әрі толтыру

Әркімнің өмір сүруге күш-қуат алатын энергияның көздері бар. Мазасыздық көп энергияны қажет етеді, ал біздің міндетіміз – ресурстарды толықтыру. Өзіңізге күтім жасаудың салауатты жолдары (таза ауа, тыныш ұйқы, физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану), сүйікті іс-әрекеттеріңізден жағымды эмоциялар алу, жаңа нәрсені үйрену, шығармашылық жұмыстар, музыка – бәрі де пайдалы.

5. Екі ұдайылық пен белгісіздікті пайдаға айналдыр

Өмірде белгісіздігі көп жағдайларды өз қолыңызбен жасап, кейін сол жағдайдан шыға білетін жол іздеңіз. Бұл нені білдіреді? Жаңа нәрсені бастаңыз, оған қадам жасаңыз, әдеттен тыс немесе әдеттегі таныс нәрсені жасаңыз, басқа жолмен жүріңіз. Бұл туралы шешім қабылдай отырып, біз құнды тәжірибе жинаймыз: икемділігімізді, батылдығымызды, ішкі тұрақтылығымызды дамытамыз. Біз қалай жоспарласақ та, өмірімізді немен толтырсақ та, оны болжау мүмкін емес.

Белгісіздік – болмыстың сыйы, оның құрамдас бөлігі. Таңдау жасауға, мақсаттарымызға жетуге еркіндігіміз бар, бірақ бұл жолда не болатынын және оның нәтижесі қандай болатынын ешқашан білмейміз. Белгісіздікті қабылдау – әрқайсымыз үшін маңызды міндет.

БЕЛГІСІЗДІК = ӨМІР

Өміріміз серпінді, өзгермелі екені анық, бірақ оны болжай алмаймыз. Ол қаласақ та, қаламасақ та жаңа дүниесімен келеді, бір орында тұрмайды. Біз оны «түзете алмаймыз» және онымен қарапайым және нақты болуы керек деген келісімшартымыз жоқ. 

Ерте ме, кеш пе өлім құрығынан құтылмайтынымызды да білеміз. Бұл, әлбетте, қорқынышты. Бірақ парадокс: өмірдегі белгісіздіктен аулақ болғымыз келеді, «түзеткіміз», «сол сәтті тоқтатқымыз» келеді, сонымен бірге біз өлім, шек, түзу сызық, өмірге қарама-қайшылық сияқты сенімділіктен қорқамыз. 

Әлемнің нәзіктігін айқын сезінген сәтте ғана мағыналы өмір сүруді үйрене аламыз. Бұл – адамның өзінен әлі де не күтетінін немесе өмір одан не күтетінін түсіну үшін және оны кейінге қалдыруды тоқтату үшін туатын мазасыздықтың жағымды жағы.