Жан әлеміТест

Өзіңе үңіл! Зигмунд Фрейдтің 8 сұрақтан тұратын психологиялық тест

Бұл тесті орындау арқылы өзіңізге жаңа қырдан қарайсыз!Ең басты ережелердің бірі – өзіңіздің не сезінгеніңізді және алғаш ойыңызға не келгенін жазу.

Егер сізде әр түрлі сұрақтарға бірдей жауап болса, ештеңе\ етпейді. Барлығын бірден оқымаңыз! Сұрақтарды кезекпен оқыңыз, асықпаңыз, алдыңғы сұраққа жауап жазбай, келесі сұрақты қарасаңыз, қызық болмай қалады.
Қолыңызға қағаз бен қалам алып дайындалыңыз, барлығы 8 сұрақ. Ал, ендеше, кеттік!

1  СІЗ ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДА ТҰРСЫЗ.

Қандай эмоцияларды сезінесіз? Жауабыңызды қысқа қайыруға тырыспаңыз, не жазғыңыз келсе де, өз еркіңізде.

2 ОРМАНДА КЕЛЕ ЖАТЫРСЫЗ, КЕНЕТ АЯҒЫҢЫЗДЫҢ АСТЫНА КӨЗІҢІЗ ТҮСТІ.

Не көрдіңіз? Енді көрген дүниеңізден сезінген сезіміңізді жазыңыз.

3 СІЗ ТӨБЕҢІЗДЕН ҰШЫП БАРА ЖАТҚАН ШАҒАЛАЛАРДЫ КӨРДІҢІЗ.
Қандай сезімдерді шақырады?

4 СІЗ ШАУЫП БАРА ЖАТҚАН БІР ТАБЫН ЖЫЛҚЫҒА ҚАРАП ТҰРСЫЗ.
Қандай эмоцияда боласыз?

5  ШӨЛ ДАЛАДА ДӘЛ АЛДЫҢЫЗДА ҚАБЫРҒА ТҰР. СІЗ ОНЫҢ АЯҚТАЛАР ШЕТІН КӨРМЕЙСІЗ.БІРАҚ АРАСЫНДА ЖАЗЫҚ ДАЛА КӨРІНІП ТҰРҒАН КІШКЕНТАЙ ТЕСІК БАР.
Сіздің іс-әрекетіңіз?

6 ШӨЛ ДАЛАНЫ ШАРЛАП ЖҮРІП, СІЗ КЕНЕТТЕН БІР ШӨЛМЕК СУДЫ ТАБАСЫЗ.
Сіз не істейсіз?

7 ТҮНДЕ ОРМАНДА АДАСЫП ЖҮРІП, СІЗ ЖАРЫҚ ЖАНЫП ТҰРҒАН ҮЙДІ ТАБАСЫЗ.
Бұл жағдайда не істейсіз?

8 СІЗ КӨК ТҰМАНҒА ТАП БОЛДЫҢЫЗ.
Ештеңе көрінбейді. Сіз не істейсіз?

Барлық жауаптарды жаздыңыз ба? Шешімін білуге дайынсыз ба?

Енді ұлы психоаналитик Зигмунд Фрейд әр сұрақтың астында не жасырғанын қараңыз.

1 Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз, эмоцияларыңыз, сезімдеріңіз.
2 Сіздің туғандарыңызбен ара-қатынасыңыз.
3 Сіздің әйелдерге көзқарасыңыз.
4 Сіздің ер адамдарға көзқарасыңыз.
5 Сіздің негізгі өмірлік стратегияңыз, мақсатыңыз. Өз мәселелеріңізді қалай шешесіз?
6 Сіздің талғамыңыз. Серік таңдау.
7 Сіздің тұрмысқұруға/үйленуге дайындығыңыз.
8 Сіздің өлімге көзқарасыңыз.

Ішкі дүниеңізді түсіндіңіз бе?
Жауаптарыңыздың барлығы сіздің түпсанаңыздың қалауы, яғни, өз қалауыңыз. Ендеше қалауыңыздағы дүниені жылы жауып қоймаңыз. Өміріңізді біреуді түсінуге емес, өз қалауыңызды түсінуге арнаңыз. Өмірдің мәні – өзіңді түсінуіңде!