News

Өмірінде ер азаматпен жақындасып көрмеген ару жүкті болып қалған

Америкалық Сэмми Изабель есімді ару 19 жасында оқу бітіріп жатқан кезде етекірі келмей қалғанын айтты. Бұл көп жағдайда жүкті әйелдерде кездесетін жағдай. Алайда ер адаммен жыныстық қатынасқа түсіп көрмеген бойжеткен аяғы ауырлағаны туралы ойды басына мүлде алмаған.

Десе де, Изабельдің жігіті оған жүктілік тестін жасап көруге ұсыныс тастапты. Алайда оның оң нәтижесі қос-ғашықты қатты таңырқатып қойған.

Ару дәрігер қабылдауына барған кезде маман Изабельдің жүктілігіне бес апта толғанын айтқан. Алда емтихандар мен оқу бітіру кеші келе жатқанына қарамастан бойжеткен сәбиді босануға бел буыпты.

Сэммидің айтуы бойынша, ол жігітімен әдеттегідей жыныстық қатынасқа түспесе де, кейде жақын қарым-қатынастың өзінен жүкті болып қалуға болады екен.

Сэммидің жасы 26-да. Ол бүгінде екі баланың анасы атанып отыр.

Гинеколог Дженнифер Линкольн Изабельдің  басынан өткен жағдайдың табиғатта жиі кездесе бермейтінін айтты. Десе де, оның айтуы бойынша, қалыпты жыныстық қатынасқа түспей де жүкті болып қалу әбден мүмкін екен.