ДенсаулықСаулық үшін

Өміріңізді жеңілдетер қулықтар!

Шаш түспеу үшін 

Шашыңызды жұқалап бір бөлігін қолыңызға ұстап, ақырын тартып көріңіз. Егер қолыңызға 2 тал түссе, ештеңе емес. Ал, одан да көбірек болса, шынымен шашыңызды емдеу қажет. Шаштың түсуі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен болады. Біріншісі, дұрыс тамақтанбау. Әсіресе, диета ұстау – зиян. Сондай-ақ, C, B5, B6, PP және темір, цинк, кальций и магний сынды дәрумендердің жетіспеушілігінен болады. Алайда, бұлар тамақ құрамында бар ғой десек те, темекі шегу, ішімдік ішу шаштың өсуіне кедергі келтіреді. Сондықтан осы нәрселерден неғұрлым аулақ болыңыз.  

 Қалың киініңіз

Күннің қатты суығы түрлі теріс факторларға әкеп соғады. Жылылықты сақтау үшін,  дұрыс киіну қажет. Неғұрлым қалың киінсеңіз, соғұрлым жылы жүресіз. Мәселен, үш қабат киініп жүру қажет екен. Ішкі, ортаңғы және сыртқы киімдер. Үнемі көшеде жүретін болсаңыз – тон киіп, ұзын шарф тағыңыз. Егер аяғыңыз қатып қалатын болса, бүкіл денеңіз тоңазитын болады. Сондықтан қалыңдау екі шұлық, киімдердің ішінен жылылық киіңіз. Суық күндері шаңғыға арналған спорт костюмін киген дұрыс. Ол тек тауда ғана емес, жәй қала ішінде жүруге өте ыңғайлы, әрі тым жылы. Джинсы шалбар мен қысқа күртеше киюге үзілді-кесілді қарсымыз. Ол Сізге аязды күні мүлде көмектеспейді.

 Жаяу жүру 

 Мүмкіндігінше көп жүруге дағдыланыңыз. Егер Сізге жаяу жүру керек немесе күтіп тұру қажет болса (мысалы, автобус) – барынша жүріп, серуендеуге тырысыңыз. Суықта қоғамдық көлікті күткенше, бірнеше аялдама жаяу жүрген абзал. Лифтіні ұмытыңыз, көпқабаттан жоғары және төмен түсуді дағдыға айналдырыңыз. Егер серуендеуді одан ары арттырғыңыз келсе, скандинавиялық әдісті қолға алыңыз. Яғни, екі қолыңызға екі таяқ алып жүріңіз. Таяқтың арқасында күш-қуат көп жұмсалып, қол, бел бұлшықеттерін қатайта аласыз. 

Аяқ киім таймасын десеңіз 

Қыстың тайғақ күндері аяқ тайып, мұзға құлап қалу көп кездеседі. Жәй құлап қалса да ештеңе емес, басым бөлігі кәдімгідей жарақаттанып жатады. Сол себептен аяқ киімнің табанына арнайы мынадай әдіс-тәсілдер істеуге болады. Мысалы, етігіңізді жақсылап құрғатып алып, сұйық желім жағып, үстіне топырақ себуге болады. Алайда, оны жиі тексеріп, жаңалап тұрыңыз. Күнделікті көшеге шығар алдында, қабы аршылған картоппен сүртуге болады. Немесе суға крахмал езіп, аяқ киіміңіздің табанына жағыңыз. Әр шыққан сайын мұны қайталап отырыңыз. Үйдегі кәдімгі лейкопластрьды екіге кесіп, X-тап жапсырып қойыңыз. Егер аяқ киімнің табаны қалың болса, арнайы бұрамаларды қадап қойса, тайғанамайтын болады. Аяқ киім шеберханасына барып, сырғанаудан қорғайтын арнайы жапсырманы пайдалануға болады.

 Қыста қалай жылыну қажет?

Бастысы, көшеде тұрғанда бір орында мелшиіп тұрмау қажет. Ұзақ уақыт көлік күтіп тұрсаңыз -, секіріңіз, жүріңіз, билеңіз, небір жаттығулар жасаңыз. Қала берді қасыңызда жақыныңыз тұрса, құшақтап алып, айналыңыз. Сонда тоңбайсыз! Тоңа қалсаңыз да, қан айналымы жылдамырақ айналып, жылынып сала бересіз. Үлкен ата-әжелер өзімен термосқа ыстық шәй құйып алғаны өте ыңғайлы. Ал, жастар үшін көптеген мекемеде арнайы кофе, шәй беретін терминалдар жұмыс істейді. Ең негізгісі, қыстың суық күнінде сыртқа аш қарынмен шықпаңыз. Ет, балық, жаңғақ сынды құндылығы жоғары заттарды көбірек жеуге тырысыңыз. Ащы қыша мен ауыз күйдіретіндей дәмдеуішті жеп жүрген артықтық етпейді. Өйткені, ол аяқты жылытып отырады.