ОтбасыОтбасы бюджеті

Онлайн сауда тиімді ме,тиімсіз бе?

Коронавирус пандемиясының салдарынан біраз сатып алушы онлайн саудаға бет бұрды. Қатаң карантин адамдарға өз шарттарымен өмір сүруді үйретті. Егер бұрын-соңды тұтынушы дүкен аралаудан шаршамаса, 2020 жылы бұл мүмкін емес еді. Сол себепті карантин кезінде интернет дүкендердің біраз сұранысқа ие болғанын байқадық. Алайда онлайн сауда қаншалықты тиімді? Бұл сұрақтың жауабын бірге іздеп көрейік!

Интернет дүкендерінің сіз үшін қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін олардың артықшылары мен кемшіліктерін тізбектеп шығайық.

Онлайн сауданың кемшіліктері

1 Суреттегі тауардың шын тауармен сәйкес келмеуі.

Егер сіз бұған дейін интернет дүкеннен көйлек, блузка, күртеше немесе өзге де затты сатып алып көрген болсаңыз, олардың суреттегі тауардан
ерекшеленетінін байқаған боларсыз. Әрине, мұндай жағдай әркез орын ала бермейді. Дегенмен  сатып алушыға мүлде басқа сападағы тауар келіп жеткен кездер де кездеседі.

2 Жеткізу қызметінің ұзақтығы.
Кейде бір затты жеткізіп тастауға бірнеше ай кетуі мүмкін. Бұл, әсіресе, шетелден, Қытай немесе Латын Америка  елдерінен келетін тауарларға қатысты. Мәселен, егер сіз қысқы күртешеге қараша айында тапсырыс берген болсаңыз, ол тек наурызда қолыңызға тиюі мүмкін.

3 Тауарды ауыстыру не қайтару қызметінің қиындығы

Көптеген адам онлайн сатып алған тауарды қайтару кезінде қиындықтарға тап болады. Бұл процесс дүкен басшылығы үшін тиімсіз болып келеді,  сондықтан олар қаржысынан айырылып қалмау үшін түрлі тәсілдердіойластырады. Мәселен, кейбір онлайн дүкендер бұл процедураны әдейі күрделендіріп жіберген. Ал сатып алушы оған уақытын жұмсағысы келмейді. Ол үшін уақытынан бұрынақшасынан айырыла салған жеңіл болып көрінеді.

Онлайн сауданың артықшылары

 1  Уақыт үнемдейді
Онлайн сауда расымен де уақытты үнемдеуге көмектеседі. Алысқа барудың қажеті
жоқ. Интернет дүкендер 24 сағат қызмет етеді. Сол себепті сіз кез келген уақытта ғаламтордың көмегімен өзіңіз қалаған затты асықпай таңдап, сатып ала аласыз.

2 Тауарлардың кең ауқымы

Кейбір интернет дүкендер балалар киімі, тұрмыстық техника секілді өнімнің
тек бір ғана түрін сатуға бағытталған. Алайда бірнеше тауарды қамтыған онлайн дүкендер де аз емес. Оларға кірсеңіз, қалағанның барлығын тауып алуға болады. Оған қоса онлайн саудада тауарлардың таусылып қалуы жиі кездесе бермейтін құбылыс. Тауарды сайттан таппағанның өзінде, оның орны бірден толығып тұрады.

3 Тауарды зерттеу мүмкіндігі

Ірі желілік дүкендер өнім туралы жан-жақты ақпаратты жариялайды. Тауардың сипаттамасы, өлшемдері, техникалық параметрлері, қай жерде және кім өндіргені туралы мәлімет ғаламторда қолжетімді. Ал кәдімгі дүкеннен мұндай ақпарат алу үшін сізге көп уақыт жұмсауға тура келеді.

4  Ақша үнемділігі

Онлайн дүкендердегі заттар кейде қарапайым дүкендердегі тауарларға қарағанда әлдеқайда арзан болып келеді. Неге дейсіз ғой? Себебі онлайн дүкендердің иелеріне көп сатушы мен ғимарат жалдаудың қажеті жоқ. Оған қоса олар коммуналдық төлемдерді де төлемейді.