News

Отандық жаңа фильм үлкен экранға шықты

41Қаралымдар

Владимир Толоконников басты рөлді сомдаған “Дед” қазақстандық фильм экранға шықты

“Дед” – әлеуметтік криминалды драма. Режиссері Алексей Шемес. Бұл оның толықметражды фильм бойынша дебюттік режиссерлік туындысы болып табылады. Айта кетейік, басты рөлді Владимир Толоконников сомдаған болатын. Түсірілім тобының мүшелері Грузия, Қазақстан, Ресей, Украина елдерінің кәсіби мамандарынан құралған.

Бұл картина көптеген кинофестивальдерде жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде “Киношок- 2018” кинофестивалінде толық метражды фильмдегі үздік режиссер, ең жақсы ер рөлі (В. Толоконников, қайтыс болғаннан кейін), кинопресс сыйлығы, көрермен көзайымы аталымдары бойынша жүлдеге ие болғандығын айта кету керек.

Алексей Шемес, “Дед” фильмінің режиссері:

“Кино түсірілімінде жұмыс істеу қуанышты және қызықты болды. Әртүрлі елдерден тату және кәсіби мамандар тобы жиналды. Фильм нақты оқиғаларға негізделген.
Біраз жыл бұрын патологоанатомның кітабы қолыма тиді. Ол кітапта мәйітханада болатын күлкілі оқиғалар жазылған. Оқиғалардың барлығы өте күлкілі екені анық. Бірақ бір оқиға өзіме өте ауыр тиді, жаныма қатты батып кетті. Мен дәл сол оқиғаны фильмнің етіп шығаруға бел будым. Әлбетте, өзгерістер де енгіздім, осылайша сценарий дүниеге келді.
Кинофестивальдер мен жабық көрсетілімдерден өзімнің статистикамды шығардым. Көрермендердің шамамен 50%-ы фильмді қатты ұнатады, 40%-ы бейтарап, 10%-ы қатты ұнатпайды. Пікір айырмашылығы да өте қызықты. Жалпы, мен көрерменнің кинотеатрдан шыққаннан кейін аздап ойлануын қалайтынмын, фильмнің ішінде жауаптан гөрі сұрақтар көп болсын деген ойым бар. Әрине, фильмнің жанға әсер етуі керек»

Фильм режиссері, сценаристі және продюсері Алексей Шемес, оператор Георгий Беридзе,
композитор Жанар Сабит. Актерлер: Владимир Толоконников, Анна Адамович, Виталий Петров, Борис Георгиевский, Андрей Никитинских, Игорь Гнездилов, Эдуард Безродный, Алексей Шемес.

Фильм түсірілімі 2013 жылы басталған болатын. Алайда қаражат тапшылығынан тек 2018 жылы жарыққа шықты. Содан кейін “Киношок” және басқа да фестивальдерге шақырту алды. 2020 жылы басталған пандемия салдарынан фильмнің көрсетілімі мүмкін болмады.

Түсірілім жұмыстары Киев қаласы мен оның іргесінде жүргізілді. Михалыч қарттың (В. Толоконниковтың рөлі) үйіне лайықты мекенді табу қиынға соқты. Ескі заттардың қоймасына айналған көне үй табылды. Бірақ, оның жанында үлкен үш қабатты коттедж орналасты. Кино суретшілері қойма айналасын тазалап, оны жалғызбасты қарияның үйіне айналдырды. Бұл жұмыс аса ауыр болмағанымен, кино оператор үшін қиынға соқты. Себебі, зәулім үйдің кадрға түсіп кетпеуі үшін әбден қиналды. Дегенмен, қыстың суығы мен ызғарына қарамастан өте қызықты болды,

Фильм Қазақстандағы көрсетілімі 8 қыркүйекте басталды.