News

«Otau fest» жас отбасылардың алғашқы онлайн фестивалі өтті

Жуырда Zoom желісінде «Otau fest» жас отбасылардың алғашқы онлайн фестивалі өтті. Ол жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасы мүшелерін жақындастыруға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған. Оған Қазақстанның 17 облысынан қатысушылар қатысты.

Аталмыш жобаны “Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты” “Бөпе” отбасы және неке институтын жаңғырту қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Фестиваль барысында “Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты” ҚҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, ЕҚЫҰ елдік кеңесшісі, БҰҰ-әйелдер, қазақстандық ҮЕҰ, БАҚ және т. б. қатысуымен “Отбасы және отбасылық құндылықтар қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде” тақырыбында әңгіме өрбітілді.

Қатысушылар танымдық және ойын-сауық шараларын тамашалап, мастер-кластар, сарапшылардың – гендерологтардың, отбасылық психологтардың, педиатрлар мен андрологтардың кеңестерін тыңдай алды.­

Онлайн-фестиваль барысында «Жаңа ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан федерациясы кеңесінің мүшесі Асхат Абжанов «Отбасындағы әкенің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары Константин Пушкаревтен «Виртуалды аутизм – қазақстандық балалардың ауруы» атты семинар, Гүлнара Қарақұловадан «Отбасылық бюджетті бөлу, басқару және жоспарлау» тақырыбында шеберлік сабағын алды. Сондай-ақ, ARASHA тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана директоры Маргарита Өскембаева «Otau fest» жас отбасылардың онлайн-фестивалінде сөз сөйледі.

Айта кету керек, Нұртас Адамбай, Луина, Аян Бірбаев, Диана Бақтыбаева, Гүлназ Жоланова, жүргізуші Әнел Әлиасқар, блогерлер Айжан Бекмұхамедова, Әсем Нұрсейітова, Маржан Өтегаева сияқты шоу-бизнес жұлдыздары және Супер папа Серік “Otau fest”-тің бренд амбассадорлары болды.

Фестиваль барысында Бейбіт Күшқалиев, Нұргүл Нұғманова, Зируза, Руми және Ярис, STEPPE SONS тобы сияқты орындаушылар өнер көрсетті.