Екеудің құпиясыЖан әлемі

Отбасылы еркекке есім кетті…

2.75K (1000)Қаралымдар

Саяхат есімді көрші жігітке есімнің ауғанына біраз уақыт болды. Өзі отбасылы азамат. Қашан көрсең жүктіліктің жетінші айында жүрген әйелінің жанынан шықпайды. Бір қарағанда нағыз ер азамат деген осындай болар деп қаласың. Жасы шамамен 26-28-де. Өзі өте сыпайы. Мені көрген сайын күлімдеп, “ciз” деп сызылып тұрады.
Шынымды айтсам, сымбатты, көрікті жігіттің неліктен мұндай жар таңдап алғанына таңданамын. Бір қарағанда Рақияның көз тартар сұлулығы жоқ, үнемі шаршаңқы күйде жүреді. Бір уақыт өзіне күтім жасап, күйеуіне ұнауға тырыспайды. Қашан көрсең, қабағынан қар жауады да тұрады.

Оның орнында мен болғанымда ғой деп кейде армандап кетемін. Саяхат жарым болса, дүниедегі ең бақытты жан болар едім. Көңілін аулауға тырысып, үнемі қолдау көрсетер едім.
Соңғы кездері тіпті, түсіме де кіретін болды. Екеyіміз махаббат отына тұтатып, керемет сезімге бөленіп жүр екенбіз. Кейде оны көргенде қолынан ұстап, сөйлескім келеді. Алайда оның жүрегі тек жарына тиесілі…