ОтбасыОтбасы бюджеті

Отбасылық бюджетті үнемдеудің жолдары

Кей отбасылар қарапайым ғана табыс тауып, тек сапалы әрі қымбат киімдер алып, үнемі ыстық жақтарда демалып жүреді. Ал бірінің қомақты қаржысы бола тұра қарыздарынан құтылуға да қауқары жетпейді.  Бұлай болуының себебі – отбасылық бюджетті дұрыс басқара алмауда. Сырласу сізбен отбасылық қаражатты үнемдеудің қарапайым тәсілдерімен бөліседі.

№ 1 кеңес. Шығыс пен кірісті жоспарлаңыз

Ескерерлік жайт, кейбір адамдар өздерінің табыстарының нақты сомасын білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда отбасылық бюджетті қалай үнемдемекпіз?

№ 2 кеңес. Несиеге «жол жоқ»

Қаржы кеңесшілерінің айтуы бойынша, егер несиеге алынатын зат оны төлеу уақытынан ұзақ қызмет ететін болса, ары қарай табыс табуға септігін тигізетін болса, несие алған дұрыс. Мәселен, кәсіпкерлікті кеңейту үшін несие алуға әбден болады. Ал басқа мақсатта алынған несие – адамның өз ақшасын тиімді басқара алмайтынының көрсеткіші. Егер, Сіз, бүгін бір затты алу үшін ақша жинай бастамасаңыз, кейін мүлде қиналып қалуыңыз мүмкін.

№ 3 кеңес. Ақшаңызды жинаңыз

Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін, ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын жинақтауға кеңес береміз. Бұл  сома айтарлықтай көзге көрінбегенімен, кейін қомақты қаржыға айналары сөзсіз. Қолыңызға күтпеген жерден ақша түссе, оны жұмсамай, жинақтаңыз немесе қарыздарыңыздан құтылып алыңыз.

№ 4 кеңес. Жоспарсыз сауда жасаңамыз

Дүкенге барып, өзіңіз қатты қалап тұрған затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Осы оймен ұйықтап көріңіз. Таңертең оянғаныңызда бұл зат бұрынғыдай ерекше әрі сатып алуға тұрмайтындай көрінуі мүмкін. Мұндай «қажетті» заттарға: опа-далаб, арзан аяқ-киім, ұсқынсыз жемпірлер мен жеңілдікпен алынған техниканы жатқызуға болады. Аталған заттар тек бір күндік қуаныш әкелуі мүмкін. Одан да қымбат әрі сапалы дүние алғаныңыз артық. Олар сізге ұзақ уақыт қызмет ете алады.

№ 5 кеңес. Дүкенге жұмыс күндері барыңыз

Ұзақ мерзімді картоп, макарон, қант, жарма сынды тауарларды көтерме саудада үлкен қапшықтармен сатып алыңыз. Осылайша сіз ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейсіз. Әркез сатып алуды қажет ететін нан, сүт өнімдерін дүңгіршектерден алған дұрыс. Үлкен дүкендердегі түрлі тауарлар мен науқандар көздің жауын алып, артық шығынға әкеліп соғуы мүмкін.

№ 6 кеңес. Тізімді қадағалаңыз

Адам дүкенге барған кезде, міндетті түрде жарма, етті, сүтті өнімдермен қатар тәтті әрі зиянды өнімдерді де сатып алады. Тізімнің 30%-ын қытырлақ картоп, майлы жаңғақ сынды айтарлықтай қажеті жоқ тауарлар алады.

№ 7 кеңес. Ұсақ-түйекке жол бермеңіз

Көше тамағы, шоколад, автоматтағы кофе, сағыз секілді ұсақ-түйектер отбасылық бюджетке жіті әсер етеді. Оның орнына кір жуғыш машинаны сатып алған әлде қайда арзан әрі тиімді. Мәселен жоғарыда атап өтілген тауарлардың бағасы арзан болғанымен, жинала келе қалтаңызды қағуы әбден мүмкін. Егер осы шығындарды жазып отырсаңыз, оны баяғыда байқаған боларсыз.

№ 8 кеңес. Үйде тамақтаныңыз

Көпшілік сырттан тамақтанғанды ұнатады. Жол жөнекей коктейль ішіп, пицца жегіңіз кеп қалады. Салат пен бір стақан шырынды сатып алғаннан келіп кетер ештеңе жоқ секілді көрінеді. Десе де, жинала келе бір ай ішінде айтарлықтай шығын шығаруы мүмкін. Әрине, бюджетті қадағалаймын деп, мүлде өзіңізге шектеу қоймаңыз. Әрбір шығыныңыз алдын ала жоспарлансын.

№ 9 кеңес. Қымбат әрі сапалы заттар сатып алыңыз

«Арзан дүние алатындай жағдайымыз керемет емес» деген сөз әлі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Жақсы әрі сапалы аяқ-киім ұзақ қызмет етері сөзсіз. Әр мезгіл сайын жөндетуді және ауыстыруды қажет етпейді. Нәтижесінде қымбат зат өз бағасын толығымен өтейді. Сонымен қатар киім, техника, косметика мен тамақтың да қымбат болғаны дұрыс. Сапасы жоғары дүниенің бағасы арзан болмайды.

№ 10 кеңес. Тазартқыш құралды үнемдеңіз

Түрлі тазартқыш ұнтақтар мен еден жууға арналған арнайы сұйықтықтардың бағасы көкке шарықтап тұр. Кейбір фирмалар арнайы концентраттар өндіреді. Олардың бағасы қымбат болғанымен, ұзақ мерзімге жетеді және аз шығындалады. Бағасын көре сала теріс айналмай, қызмет ету мерзімін есептеп көріңіз.

Осы кеңестерді өмірде қолданып жүрсеңіз, көп ұзамай ақшаңыздың демалысқа шығуға да жаңа ұялы телефон алуға да жеткілікті екенін байқайсыз. Осылайша сіз өз бюджетіңізді жоспарлауды үйренесіз. Отбасылық бюджетті үнемдеу – қарапайым әйелді нағыз ханшайымға айналдыра алатын, керемет өнер.