өтірік
Жан әлеміӨзіңді дамыт

Өтірікшінің 5 белгісі. Жалған сөзді қалай әшкерелейміз?

Өтірік – адам өмірін улайтын, жаңсақ дүниеге жетелейтін ұғым. Адам күнделікті болмаса да өмірінің кейбір сәтінде өтірікпен бетпе-бет кездеседі. Жалған сөйлейтін адамдар үнемі біздің айналамызда жүреді. Егер сіз сондай адамға тап болғыңыз келмесе, біз дайындаған материалды мұқият оқып шығыңыз.

Төменде өтірік айтып тұрған адамның 5 белгісін келтірдік:

1. Көзге тік қарайды немесе мүлде еденнен көз алмайды
Адам жалған сөйлегенде өтірік айтып тұрғанын білдірмес үшін көзге тік қарай алмайды. Алайда кейбір өтірікшілер әдейі көзге тік қарап сөйлеуге тырысады. Егер сөйлесіп отырған адамыңыз жан-жаққа қарап, аяқ асты көзіңізге тік қарап тұрса, ондай адамның әр сөзіне сене берудің қажеті жоқ.

2. Ұзақ әрі жиі сөйлейді 
Өтірікшілер қысқа әрі нұсқа сөйлегенді ұнатпайды. Ол шындығын жасырып қалу мақсатында ұзақ сөйлейді. Осылайша ол келесі өтірігін құрастыру үшін уақыт созады.

3. Іс-әрекеті өзгереді

Егер адам емін-еркін әрі нақты сөйлеп тұрса, бірақ бір орнында отыра алмаса, немесе жағына таянып, үнемі артына жалтақтап қарай берсе, мұндай адамнан естіген ақпаратыңызды жақсылап тексеріп алыңыз.

4. Қосымша ақпараттарды көп айтады
Көптеген өтірікшілер айтып жатқан сөзінің барынша шындыққа жанасуы үшін көп ақпараттар келтіреді.

5. Өзіңізге шауылдайды
Егер әңгіме барысында ол сіздің күмәнданып тұрғаныңызды білсе, ренжіп, тіпті, сізден көңілі қалғанын да айтады. Содан кейін бірнеше минут өзінен асқан адал жан жоқ екенін дәлелдей бастайды.  Ал содан соң мүлде әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.

Айтулы белгілердің барлығы айналадағы өтірік көп айтатын адамдарды әшкерелеудің амалдары. Қолданып көріңіз, қажетіңізге жараса өміріңізге құрал ретінде пайдаланыңыз. Себебі айналада өтірік айтатын адам көп болған сайын адамдарға деген сенім азаяды. Себебі – өтіріктің түбі бір-ақ тұтам. Жалған сөйлеген адамның ниеті де жақсы емес. Ол ақиқатты жауып қойып, адамдарды бір-біріне жауластыру үшін қызмет етеді. Сол  себепті ниеті қара адамдардың құрбанына айналмаңыз, дейді психологтар.

Діни тұрғыдан қарағанда да өтірік үлкен күнәлардың бірі, әрі бірегейі. Мысалға алып қарайтын болсақ:

«Бірде хазреті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі келіп:

– Уа, Алланың елшісі, менің айыға алмай жүрген үш дертім бар: зина жасау, өтірік айту, ішімдік ішу. Бұлардан қайтсем құтылам? – дейді. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.):

– Жалған сөйлеме, – депті. Ол кісі Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасынан кеткеннен кейін, зина жасағысы келіпті, бірақ артынан: «Ертең Расулулла сұрайтын болса, қалай өтірік айтам?!» деп ойлайды. Одан соң ішімдік ішкісі келіп тұрғанда, тағы да «Ертең сұраса, қалай өтірік айтам?!» деп ойланыпты. Осылайша өтірік айтпаймын деп жүріп үш дертінен де құлан таза арылыпты».

Сайып келгенде, өтірік айтуды жеке басқа зиянды, әрі жеккөрінішті іштей ыдырау мен өзара сенімсіздікке жетелейтін қоғам індеті деуге де болады.