Жан әлеміӨзіңді дамыт

Өтірікшінің 5 белгісі. Жалған сөзді қалай әшкерелейміз?

152Қаралымдар

Адам күнделікті болмаса да өмірінің кейбір сәтінде өтірікпен бетпе-бет кездеседі. Жалған сөйлейтін адамдар үнемі біздің айналамызда жүреді. Егер сіз сондай адамға тап болғыңыз келмесе, біз дайындаған материалды мұқият оқып шығыңыз.

Төменде өтірік айтып тұрған адамның 5 белгісін келтірдік:

1. Көзге тік қарайды немесе мүлде еденнен көз алмайды
Адам жалған сөйлегенде өтірік айтып тұрғанын білдірмес үшін көзге тік қарай алмайды. Алайда кейбір өтірікшілер әдейі көзге тік қарап сөйлеуге тырысады. Егер сөйлесіп отырған адамыңыз жан-жаққа қарап, аяқ асты көзіңізге тік қарап тұрса, ондай адамның әр сөзіне сене берудің қажеті жоқ.

2. Ұзақ әрі жиі сөйлейді 
Өтірікшілер қысқа әрі нұсқа сөйлегенді ұнатпайды. Ол шындығын жасырып қалу мақсатында ұзақ сөйлейді. Осылайша ол келесі өтірігін құрастыру үшін уақыт созады.

3. Іс-әрекеті өзгереді

Егер адам емін-еркін әрі нақты сөйлеп тұрса, бірақ бір орнында отыра алмаса, немесе жағына таянып, үнемі артына жалтақтап қарай берсе, мұндай адамнан естіген ақпаратыңызды жақсылап тексеріп алыңыз.

4. Қосымша ақпараттарды көп айтады
Көптеген өтірікшілер айтып жатқан сөзінің барынша шындыққа жанасуы үшін көп ақпараттар келтіреді.

5. Өзіңізге шауылдайды
Егер әңгіме барысында ол сіздің күмәнданып тұрғаныңызды білсе, ренжіп, тіпті, сізден көңілі қалғанын да айтады. Содан кейін бірнеше минут өзінен асқан адал жан жоқ екенін дәлелдей бастайды.  Ал содан соң мүлде әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.