Жан әлеміӨзіңді дамыт

Өткен шақ өрнектері

Сұрақ: Егер бұрынығы жігітім өзінің үйлену тойына шақырса, қандай шешім қабылдаған дұрыс. Мен де қақасақана қазіргі жігітіммен тойына барсам ба екен?

Жауап: Өткен шақтан әдемі естеліктер қалғанға не жетсін? Сіздің ол тойға бармағаныңыз дұрыс. Біріншіден, жүрегіңіз ауырады. Екіншіден, оның қалыңдығына да көңілсіздік «сыйлайсыз» (өмірінде біра-ақ рет болатын тойда қалыңдықтың көңілсіз болмағаны дұрыс). Үшіншіден, қазіргі жігітіңізді өзіңіздің кегіңізді қайтару мақсатында пайдаланғаныңыз сізге абырой әкелмейді. Сондықтан той күні киноға билет алып, ойыңызды басқа арнаға бұрып, көңіліңізді көтеруге тырысқаныңыз жөн.

Сұрақ: Енді үйленеміз деп шешім қабылдап, қызу дайындыққа кірісе бергенде жігітім үйленбейтінін айтты. Себебі мен оның жанұясымен тіл табыса алмадым. Ал енді ол маған қайтқысы келеді. Алғашында қарсы болып едім, қазір мүмкіндік беріп көрсем бе деген ойда жүрмін.

Жауап: Осы уақытқа дейін ол жігіт немен шұғылданды екен? Әрине басқа бойжеткендерге көз тігіп, сіздің орныңыздың басқа екенін аңғарған болар. Оған «үйленеміз бе?» деген нақты сауалыңызды тағы да қойып көріңіз! Егер ол көлгірсіп, дұрыстап жауап қайтара алмаса арақатынасыңызды үзгеніңіз дұрыс. Оның жанұясының пікірін қайталап анықтап алыңыз! Себебі ол осы уақыт арасында сізді өзгерді деп ойлап жүрген болар. Негізі екінші мүмкіндік үшінші, төртінші мүмкіндікке ұласып кетіп жатады. Осыны ескеріңіз!

Сұрақ: Бұрынғы жігітімнің досымен жақсы араласып жүрмін. Екеуміздің өмірге деген көзқарасымыз өте ұқсас. Тіпті бірімізді-біріміз ұнатып қалған секілдіміз. Бірақ ол маған әлі ештеңені ашып айтқан жоқ. Себебі досын жоғалтып алудан қорқады. Енді бізге не істеуге болады?

Жауап: Шешімді ер адам шығарсын! Ал сізге сабыр сақтап, әліптің артын бағуға тура келеді. Егер сізге деген сезімі шынайы болса, ол батылданып досына жағдайды түсіндіруге тырысады. Егер шыдамыңыз таусылса, аз уақытқа араласпай тұра тұруға шешім қабылдаңыз! Сонда ол өз кеңісітігінде қалып, ойланып, жылдам шешім шығарады.