Жан әлеміӨкініш

Өткенімді қайтарғым келеді…

Бала күнімнен әр нәрсені жақтырмай, өміріме риза болмай өскен екенмін. Оны тек жиырма беске келген шағымда түсініп отырғаным өкінішті…

Дүниеге шыр етіп келген күннен-ақ әкемнің сүйікті еркетотайы болдым. Мүмкін содан болар әлем менің қалауым бойынша айналады де есептейтінмін. Ата-анам осы күнге дейін бетімнен қағып көрген емес. Десе де, өтпелі кезеңге дейін «Ана бір дүниені әпере қоймадың, дегенімді істемедің» деп жер соқпақтап жылайтынмын. Балалық па, санасыздық па, әйтеуір, ата-анама мінез көрсетуден тайынбайтынмын. Қазір сол қылықтарымды есіме алсам, көңілім босап, жақындарымды неге мұңайттым деп өкінемін.Похожее изображение

Қаладағы лицей-мектептерінің бірін бітіріп, ата-анамның қалауымен үздік деген жоғарғы оқу орындарының біріне түстім. Онда да «Сендердің менің өмірімді басқарғаннан басқа шаруаларың жоқ па? Таңдау жасауға мұрша беріңдерші. Өзім қалаған оқу орнына неге түсе алмаймын?» – деп жылап-сықтағаным бар еді. Ондағы қалаған оқу орным ата-анамнан жырақ, басқа қалада орналасқан еді. Шынымды айтсам, сол бір оқу орынын армандамағанмын, тек үйден кетудің бір амалы болды. Ата-анам қоярда қоймай дегенін істетіп, өздері айтқан жерге оқуға түсірді. Сонда оларға қарсыласып, сабақты оқымай, оқудан шығарып жіберетіндей боламын деп өз-өзіме уәде бергенмін. Қуанышыма орай өзім іштей жек көрген оқу орным мені керемет жандармен табыстырды. Жанымдағы құрбыларым оқуда озат болып, мені өздерімен бірге өзге әлемге еліктіріп әкетті. Өмірлік ұстанымымыз, болашаққа бағытымыз бір болған соң, төрт жыл да көзді ашып-жұмғанша өте шықты.Картинки по запросу девушка студентка с книгами Оқуды қызыл дипломмен тәмамдап, достарыммен бірге жарты әлемді шарладым. Ата-анамның сөзіне қарсы шыққаным үшін, өзімнің балалық қырсықтығым үшін әлі күнге дейін өкінемін. Ол кісілердің басты арманы – балаларының бақытты екенін білу! Осы жасқа келіп ата-анамның қадірін енді түсінгендеймін. Кейде өткенімді ойласам, уақытты кері айналдырғым келеді. Дегенмен, оның мүмкін емес екенін білемін. Ендігі бар арманым ата-анамды бақытты ету. Бүгінге дейін бір жетістікке жетсем, ол ата-анамның арқасы деп білемін. Кейде өзіміз аңғармай айтқан сөзіміз ол кісілердің жүрегіне оқ болып тие алады. Сондықтан, әрбір сөзіміз бен ісімізге мұқият болайықшы! Ата-анаңызға қарсы шықаңыздар, достар!