Екеудің құпиясыЖан әлемі

Өзімнен 35 жасқа үлкен ер азаматпен көңіл қостым…

1.6K (1000)Қаралымдар

Жасым 24-те. Жеті жасымда ата-анам ажырасып, жалғызбасты әжемнің қолында қалдым. Бала күнімнен махаббатқа, жылуға зәру болдым. Әжем барынша бетімді қақпауға тырысқанмен ананың да әкенің де орны бөлек екен. Өзімді тірі жетімдей сезіндім. Сол себепті болар 19 жасымда өзімнен 35 жасқа үлкен ер азаматпен кездесіп, көңіл жарастырдым. Оны шын сүйемін дей аламын. Оның маған деген қарым-қатынасы, көңілі оған бауыр басуыма әсер етті.

Оның жанында өзімді қамқоршым, қорғанышым бар секілді сезінемін.  Оған қоса ол үнемі қаржылай көмек көрсетіп, мені талай тығырықтан шығарған болатын. Тіпті, басымдағы бірнеше несиемді де жауып берді. Бүгінде не ішемін, не киемін деп басымды қатырмаймын. Дегенмен әуелден бері оның ақшасына қызыққан емеспін.

Мені екеуіміздің арамыздағы жас айырмашылығы уайымдатпайды. Алайда көпшілік орынға шыға қалсақ жұрттың бізге таңырқай қарайтынын байқаймын. Өзгелер оны менің әкем деп ойлайды. Расымен де, сүйіктімнің менен 8 жасқа үлкен және менімен жасты екі қызы бар. Дейтұрғанмен бұл мені мүлде қынжылтпайды. Онымен шынайы бақыттымын.

Сүйіктімнің әйелі де қыздары да менің барымды біледі. Олар біздің арамызға қанша түсуге тырысса да, екеуіміз бір сәтке ажыраған емеспіз. Сүйгенімнің арқасында шын махаббаттың барын сездім…