Ақ босаға

Пәтер дизайнын жасауға арналған 12 тиімді әрі сәтсіз шешім

Тұтынушылар интерьер дизайнерлеріне әлеуметтік желілерде немесе интерьер журналдарында көріп, ұнатқан жобаларына сай дизайн жасауды жиі сұрайды. Алайда өз үйлерінің мүмкіндіктерін ескеретін адамдар саусақпен санарлық: оңтайлы шешімді қол жетімді аймақта жүзеге асыру мүмкін емес. 

Ал егер қалаған дүниеңізді сол кеңістікке орналастыра алсаңыз, кері нәтижеге жетуіңіз бек мүмкін: көрер көзге ерсі әрі ыңғайсыз дүние шықпасына кім кепіл?

Бір қарағанда қызықты болып көрінетін шешімдер интерьерді бұзып, ондағы өмірді қиындатады. Бүгінгі санымызда тиімді (үлкен кеңістіктерде) әрі сәтсіз шешімдердің (шағын аумақтар үшін) 12 мысалын ұсынып отырмыз. 

 

1. Шағын жуынатын бөлмедегі  жеке ванна

Тапсырыс берушілер көп жағдайда онсыз да шағын жуынатын бөлменің ортасына ваннаны қоюды сұрайды. Бұл, әлбетте, әдемі шешім болып көрінері сөзсіз, яғни үлкен кеңістіктің ортасында терезе алдындағы еденде ванна тұрады. Нью-Йорк пентхаустарынан осындай сәнді әрі заманауи интерьерлердің талай рет куәсі болған шығарсыздар. Дейтұрғанмен, көп жағдайда ең жақсы шешім кіріктірілген ванна болып саналады.

2. Ас үй аралы

Жаңа пәтер иелерінің тағы бір арманы десек қателеспейміз. Десе де, егер асүйіңіз кішігірім кеңістікте болса, арал туралы арманды қала сыртындағы үйге жоспарлаған жөн болар. Шағын пәтерде қалауыңызды тамақтанатын үстелді аралға айналдыру арқылы жүзеге асыра аласыз. Мұндай жағдайда кәдімгі орындықтардың орнына бар орындықтарын қою керек. Бұл шешімнің оң тұсы – қосымша жұмыс жасауға арналған кеңістіктің болатындығында.

3. Пәтердегі минимализм

Аталмыш стиль өте әсерлі көрінеді, бірақ көп адамдар бұл идеяның сапалы жүзеге асырылуы қаншалықты көп қаражат талап ететіндігін түсіне бермейді. Дизайн студиялары әдетте фотосуреттерді емес, осындай интерьерлердің картиналарын ұсынады, өйткені минимализм текстураның, түстердің және беттердің сапасына ерекше назар аударуды қажет етеді. Азын-аулақ ақшаға іске асырылатын интерьер гипс-қатырмадан жасалған кеңсеге ұқсайды. Минимализм стилін таңдағанда аталмыш дизайн жүзеге асырылуы ең қиын стиль болып есептелетіндігін есте сақтаңыз.

4. Терезе алдындағы ыдыс жууға арналған орын

Үй шаруасындағы әйелдердің көпшілігі ыдыс жуу кезінде қабырғаға қарамау үшін терезенің алдында шұңғылша болуын армандайды. Таптырмас шешім (егер ас үйіңізде мүмкін болса), бірақ бұл тұрғыда да бірнеше маңызды жайттарды ескерген жөн. Біріншіден, кран терезенің ашылуына кедергі келтіруі мүмкін. Екіншіден, терезенің астында жылытқыш болады. Сол себепті оны жылжыту ыңғайсыздық тудыруы ықтимал.

5. Жатын және жуынатын бөлмелерді шыны арақабырға арқылы біріктіру

Қазір бұл сәнде әрі ол шынымен де өте әсерлі көрінеді. Бірақ біз әлеуетті жалға алушыларды таң қалдыру үшін мұндай шешім бойдақтарға немесе жалға берілетін пәтерлерге қолайлы екендігін есте ұстауымыз керек. Күнделікті өмірде бұл – аса қолайлы шешім емес. Шыны қабырға дыбысты оқшауламайды, яғни жатын бөлмеңізде жатқан екінші жартыңыз сізді көреді әрі естиді. Бұл – өте ыңғайсыз. Қайтсе де, шыны арақабырғаны жасағыңыз келсе, оны тек ванна бөлмесіне ғана жоспарлаңыз. Мұндай жағдайда дәретхананы бөлек жобалау қажет.

6. Бір қабырғада 3-тен астам сәндік тәсілдер

Шағын кеңістіктегі бірнеше дизайн әдістері «винегрет» салаты іспетті. Бұл дизайнердің тапсырысқа алған жобаның құнын ақтағысы келген жағдайға ұқсас. Интерьер бей-берекет болып шығады: екпін, графика, композиция жоқ. Ал композиция – бәрінің негізі. Екпінмен әдейі жүктелген кеңістіктер де жоқ емес, бірақ мұндай жағдай көбінесе қоғамдық интерьерлер болып саналады, мысалы, мейрамханалар. Келушілер мұнда салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында ғана болатындықтан, интерьердің ерекшеленіп, таң қалдыруы аса маңызды. Тіпті мекеменің клиентін таң қалдыруы да бек мүмкін. Мұндай жағдайда шамадан тыс жүктеме ақталады, ал үйдің аясында тым көп сәндік тәсілдер интерьерді арзан етіп көрсетеді.

7. Қабырғаларды қою күңгірт бояу

Күңгірт қабырғаның бұдыр беті болады. Бірақ кез келген жанасу бұл қабатты өшіріп, кетіруі қиын дақтарды қалдырады. Кедір-бұдырды қалыпқа келтіру мүмкін емес. Ол, әсіресе, қара бояуда анық байқалады. Қазіргі таңда қараңғы, қанық түстердегі интерьер сәнде. Егер осындай интерьерді қаласаңыз, күңгірт бояуды қолданбаңыз, одан гөрі сәтен немесе жылтыр бояуды таңдаған дұрыс.

8. Ас үй мен жиһаздың қошқыл түстері

Көп адамдар жиһаздың қара қасбеті кір көтергіш деп ойлайды. Бірақ бұл жерде жағдай басқаша: кез келген жанасу із қалдырады. Мәселен, феникс қасбеттері. Егер сонда да күңгірт әрі көрнекті қасбет алғыңыз келсе, шпонмен қапталған немесе ағашты имитациялайтын материалдарды пайдаланыңыз. Осылайша дақтар көрінбейтін болады. Жалпы алғанда, жеңіл қасбеттер дұрыс шешім болмақ.

9. Себезгісіз душ

Бұл өте әдемі көрінеді, бірақ әркез кіреберістің алдындағы еден шалшықтанып тұратын болады. Жуынатын бөлмеде үнемі су желқумасын ұстауға және душ қабылдағаннан кейін оған суды қолмен жинауға тура келеді. Кем дегенде көзге бірден түспес айырмашылық қажет, сол себепті шамалы бос орын қалдырыңыз.

10. Бұрыштағы ас үй шұңғылшасы

Бұл – ең жиі кездесетін қателердің бірі, тіпті мұндай шұңғылшаны пайдалану қолайсыздық тудырады.

11. Түбі тегіс шұңғылша

Мұндай шұңғылша әлі күнге сұранысқа ие, бірақ ол әрқашан ыңғайлы және функционалды бола бермейді. Таңертең тістеріңізді тазалаған кезде тіс пастасының көз алдыңызда қалқып тұрғанын көресіз, ал бұл – эстетикаға жат. Бұған қоса, бұл – аса жағымсыз, өйткені уақыт өте келе мұның барлығын сифонға айналдыру керек болады. Шұңғылша қарастырған кезде классикалық көлбеулі шұңғылшаны алуға тырысыңыз.

12. Күрделі қабатты жарықтандыру

Көптеген тұтынушылар бірнеше жарықтандыру топтарына ие болғысы келеді, түсті қабаттар жасайды. Бұл шынымен интерьерді жанды, көлемді және қымбат етіп көрсетеді, бірақ тым көп жарық өмірді қиындатады. Себебі әркез жай ғана шамды қосу «қосқышты табу» ойынына айналмақ.