Жан әлеміТест

Психологиялық тест: Қаншалықты сабырлысыз?

Кейбір сәтте тағат таппай, мазасызданып кететін сәттер жиі болады. Әрине, егер алаңдайтын нәрсе орнымен болса дұрыс, ал жоқтан өзгеге жүрек дүрсілдеп, қан қысымы көтерілсе – бұл жақсы емес. Өйткені ол сіздің денсаулығыңызға, өміріңізге кері әсер етеді. Тіпті өзгелерге де кесіріңіз тиіп кетуі ғажап емес. Егер уайымға бейім болсаңыз, мына тест сізге көмектеседі. Барлық сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Сосын нәтижесін бірге көрейік.

Егер уайымға бейім болсаңыз, мына тест сізге көмектеседі. Барлық сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Сосын нәтижесін бірге көрейік.

  1. Мен шаршамай жұмыс істей аламын.
  2. Қолайсыз жағдайларға қарамай, уәдемді орындаймын.
  3. Үнемі аяқ-қолым жылы жүреді.
  4. Бас ауруы мені сирек мазалайды.
  5. Мен өз қабілетіме сенімдімін.
  6. Біреуді күткенді ұнатпаймын.
  7. Кейде өзімді керексіз сезінемін.
  8. Мен бақытты екенімді білемін.
  9. Кез келген дүниеге назар аудара бермеймін.
  10. Бала кезімде берілген бұйрықтарды бірден орындайтынмын.
  11. Айына бір рет асқазаным ауырады.
  12. Бір нәрсеге жиі мазасызданамын.
  13. Өзгелерге қарағанда өзім сабырсыз сияқтымын.
  14. Мен ұялшақтардың қатарынан емеспін.
  15. Өмір қиындықтардан тұрады.
  16. Кейде өзіме қатысы жоқ дүниелерді сөз етемін.
  17. Мен көп жерде өзімді ыңғайсыз сезінемін.
  18. Болмашы нәрсеге де ренжи беремін.
  19. Жүрегім дүрсілдеп, жиі ентігіп қаламын.
  20. Барлық таныстарымды ұната бермеймін.
  21. Бір ой мазаласа ұйықтай алмаймын.
  22. Өте сабарлымын, сондықтан ренжіту оңай емес.
  23. Қорқақпын, түнде шошып оянатын сәттер болады.
  24. Барлығын шынайы көріп, жүрекке жақын қабылдаймын.
  25. Ашуланған кезде тіпті терлеп кетемін.
  26. Ұйқым тыныш емес, түнде жиі оянамын.
  27. Әрине, жеңілген ұнамайды!
  28. Мен басқаларға қарағанда сезімталмын.
  29. Кейбір әдепсіз, ерсі әзілдер де күлкімді келтіреді.
  30. Мен де өзгелер секілді өміріме риза болғым келеді.
  31. Асқазаным қатты мазалайды.
  32. Үнемі материалдық дүние үшін қам жеймін.
  33. Адамдардан зияны тимейтінін біле тұра адамдардан күдіктенемін.
  34. Қиындықтар көп сияқты, мен оны жеңе алмайтындаймын…
  35. Мен болмашыға абыржып қаламын.
  36. Уақыт өте әр нәрсеге алаңдайтыным соншалықты ұйқыдан қалдым.
  37. Ерегістен қашу керек деп есептеймін.
  38. Менің жиеркенішімді тудыратын істер бар
  39. Жұмысқа, не кездесуге кешікпеймін.
  40. Кей уақыттарда өзімді керексіз сезінемін
  41. Кейде боқтап жібергім келеді.
  42. Үнемі біреуге, не бір нәрсеге мазасызданамын да жүремін.
  43. «Сәтсіздікке тап боламын» деп алаңдап жүремін.
  44. Ұялшықтығымды ойлап қорқамын.
  45. Үмітсіздік те мені үрейлендіреді.
  46. Мен күйгелек адаммын.
  47. Бір нәрсе жасайтын кезде қолдарым дірілдеп кетеді.
  48. Ылғи аштықта жүретіндеймін.
  49. Өзіме деген сенімділік жетіспейді
  50. Суық күнде де терлеп жүремін.
  51. Ешкімге айтпайтын дүниелерді жиі армандаймын.
  52. Ішім өте сирек ауырады.
  53. Қандай да бір жұмысты игеріп кету маған қиындық тудырады.
  54. Табиғатымнан мазасызбын, тіпті бір орында ұзақ уақыт отыра алмаймын.
  55. Хаттарға бірден, оқыған кезде жауап беремін.
  56. Тез уайымға салынамын.
  57. Ешқашан ұялмаймын.
  58. Достарым мен таныстарыма қарағанда менде қорқыныш, уайым көп.
  59. Бүгін істеу керек дүниені ертеңге ысыратын кездерім болады.
  60. Бар күшімді салып жұмыс істеймін.

Есептеңіз:

Мына нөмірлерді – 6, 7, 9, 11, 12, 13, 15, 18, 21, 23, 24, 25, 26, 28, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 40, 42, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 53, 54, 56, 60 – «Иә!» деп белгілесеңіз 1 балл.

Ал мына сұрақтарға 1, 3, 4, 5, 8, 14, 17, 19, 22, 39, 43, 52, 57, 58 – «Жоқ!» деген жауап берілсе 1 баллдан бересіз.

Ал 2, 10, 55 тармақтарға «иә» және 16, 20, 27, 29, 41, 51, 59 тармақтарына «жоқ» десеңіз, мұны «жалған» деп есептейміз. Егер осындай сұрақтардың жауаптары 5 баллға жетсе нәтижені оқымай-ақ қоюға болады. Керісінше болса, нәтижеге көз жүгіртіңіз!

Нәтижесі:

40-50 балл – мазасыздықтың өте жоғары деңгейі.

25-40 балл – мазасыздықтың жоғары деңгейі.

15-25 балл – орташа деңгейдегі алаңдаушылық.

5-15 балл – қалыпты мазасыздық деуге болады.

0-5 балл – мазасыздықтың ең төмен деңгейі, сабырлық басым.