- Елестетіңіз! Біреумен орманда келе жатырсыз. Жаныңыздаңы адам кім болуы мүмкін?
- Екеуіңіз орманда келе жатырсыз. Қарсыңыздан жабайы аң шықты. Ол қандай жануар болуы мүмкін?
- Ол жануармен бетпе-бет жолыққандағы сіздің әрекетіңіз?
- Ормандағы соқпақ жолмен келе жатып, ашық алаңға тап болыңыз. Ол жерде сіздің арманыңыздағы үй тұр. Оның көлемі қандай?
- Арманыңыздағы үйдің қоршауы бар ма?
- Бірінші үйдің ішіне, одан кейін ас бөлмеге кіресіз. Тамақ ішетін үстел үстіне көзіңіз түсті. Үстелден және айналаңыздан не көріп тұрсыз?
- Содан кейін, үйдің артқы есігінен сыртқа шықтыңыз. Дәл алдыңыздағы көк майса шөптің үстінде тостаған жатыр. Ол қандай материалдан жасалған?
- Тостағанды көрген кезде не істедіңіз?
- Ауладан шықсаңыз су ағып жатыр екен. Ол қандай су, қалай ағып жатыр?
- Судың арғы бетіне қалай өтер едіңіз?
Сұрақ бітті. Енді жазылған жауаптарыңызға назар аударыңыз!
- Сіздің жаныңызда келе жатқан адам – өміріңіздегі ең маңызды адам.
- Көрген жануарыңыздың үлкен-кішілігі ішіңіздегі, санаңыздағы проблемалардың көлемімен сәйкес келеді. Аңның көлемі үлкен болған сайын, сізге өмір сүру ауыр деген сөз.
- Онымен жолыққандағы іс-қимылыңыз проблемаланы қалай шешетініңізді көрсетеді (ашулану, сабырлы болу, қашып кету ж.т.б).
- Үйдің көлемі – амбицияңыздың көлем. Егер ол тым үлкен болса, өмірден өте көп нәрсе күтесіз.
- Егер арманыңыздағы үй қоршаусыз болса, сіз ашық, еркін адамсыз. Қоршалған үй ішкі әлеміңізді құпия сақтайтыңызды, басқалардың да өміріне рұқсатсыз мұрын сұқпайтыныңызды білдіреді.
- Егер ас бөлмеде адамдарды, тамақты елестетпесеңіз, үстелде ештеңе болмаса – сіз іштей бақытсыз жансыз.
- Материалдың сапасы сіздің отбасыңызға деген қарым-қатынасыңызды білдіреді. Шыны? Қағаз стақан? Онда, отбасыңыз үшін алаңдауға негіз бар. Ал тостаған темір не фарфор болса, уайымдайтын ештеңе жоқ.
- Тостағанды көрген кездегі әрекетіңіз бірінші сұрақтағы адаммен тікелей байланысты.
- Судың көлемі, ағыс қарқыны сіздің сексуалды тәбетіңізден хабар береді.
- Арғы жағаға қаншалықты «су» болып өтсеңіз, сіздің өміріңізде жақын қарым-қатынастың соншалықты маңызы бар деген сөз.