News

Қамқорлық. Махаббат. Даму.

«Сырласу» журналы әдеттегідей замандастарының басын қосып, Бастаңғы өткізді. Биылғы жиын өзгелерден ерекше. Мұнда қыз-келіншектер жүрек жарды сырларымен бөлісіп, әңгіме-дүкен құрып, ән айтты. Міне, нағыз бастаңғы!

990Қаралымдар

Бастаңғының көкесін қыздар жиналғанда көрерсің! Алматының әсем арулары ұлттық дәстүрді жаңғыртып, «Сырласудың» ұйымдастыруымен өткен жиында бас қосты. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңызда ұйымдастырылған шараның тақырыбы да аруларға таңсық емес. Бүгінде барлығы тұлғалық дамуды қолға алып жатқандықтан, «Қамқорлық. Махаббат. Даму» жиынның өзекті мәселесіне айналды. Журналдың тұрақты  психологы, CiaoStress әдістемесінің авторы Айжан Сұлтанқұлова қыз-келіншектерге айтулы тақырыпты сараптаған болатын.

Ал, кеш қонақтары – блогерлер, әнші, актрисалар, теле/радиожүргізушілері өздерін мазалаған сұрақтарды талқылады Кеш тізгінін өз қолына алған «Сырласу» журналының баспагері Кәмшат Әкімқожақызы қонақтарды серіктестермен екіжақты пікір алмасуға шақырды. Ал, әнші Әсем жиынның сәнін келтіріп, ән шырқады.

Айта өтейік, «Қамқорлық» тақырыбында Alina Group компаниясының өкілдері отандық Doctor Green тұрмыстық химия брендімен таныстырса, «Махаббат» айдарында француздық L`Occitane бренді тері күтімі мен өз-өзіңе көңіл бөлуден ләззат алу мәселесін көтерді.
Аруларды дүр сілкіндірген тағы бір бренд – Jain Laboratory.  4 жыл бұрын үй жағдайында далап жасап бастаған талдырмаш қана Жайна бүгінде отандық косметика жасаушы алғашқы зертхана иесі. Бұған таңданбауға, қолдамауға болмайды деген кеш қонақтары өз деңгейлерінде қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді. Ал, Originalsyn Kids және Almaty Style1 киім брендтері ұсынған Fashion Show мен қонақтырды тәтті-дәмдімен қарсы алған Prime Event кейтеринг агенттігіне «Сырласу» журналының ұжымы алғыс білдіреді.