News

Қолтаңба – жеке тұлғаны анықтаудың жаңа тәсілі

128Қаралымдар

Жуырда DoubleTree by Hilton Almaty қонақ үйінде графолог, тұлғаны дамыту институтының негізін қалаушы, психология ғылымдарының докторы Карина Вейнгардтың қатысуымен онлайн сессия өтті.

Сессия кезінде Карина Вейнгард БАҚ өкілдері, блогерлер, танымал тұлғалардың қолтаңбасы бойынша кеңес берді және әр қонақтың жеке басына жедел-талдау жүргізді. Барлық қатысушылар графологтың толық консультациясына арнайы жеңілдік алды.

Адамның қолтаңбасы дәл саусақ ізі секілді ерекше болып келеді. Графологтың сөзінше, біздің жазуымыз, тіпті, қаламды қалай ұстайтынымыздың барлығы мінезіміз бен мүмкіндіктеріміз жайлы сыр шертеді.

Осы ретте графолог қолтаңба бойынша кеңестер беріп, адамдарға өздерін аздап тануға көмектеседі.

Айта кетейік, Карина Вейнгард “Три уровня осознанности” және “От стресса до совершенства” басылымдарының авторы. Қазіргі уақытта Еуропада тұратын Каринаның әлемнің әр бұрышында өз клиенттері бар.

Графологтың қызметіне саясаткерлер, топ-менеджерлер, дипломаттар, түрлі салалардағы халықаралық корпорациялардың иелері мен басшылары, ғалымдар, жазушылар, экономикалық және саяси бақылаушылар, шоу-бизнес жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері жүгінеді. Енді мұндай мүмкіндікке барша қазақстандықтар да ие болмақ.