Екеудің құпиясыЖан әлемі

Қос ғашық арасындағы жас айырмашылығы неге әкеп соғады?

Қоғамда өзінен әлдеқайда жас аруға үйленген еркектерді жиі кездестіруге болады.  Алайда қос-ғашық арасындағы мұндай махаббаттың соңы әркез жақсы аяқтала бермейді. Тіпті, ондай жұптар көптеген қиындықтарға тап болады.

Мәселен: 

Әртүрлі қызығушылықтар

Жас күнімізде қыдырып, жиі көңіл көтергіміз келеді. Алайда ерлі-зайыптылардың біреуі үлкен болса, демалыс күндерді үйде, жайлы атмосферада өткізгісі келуі мүмкін. Ал екіншісі сыртта жүріп демалғысы келер. Мұндай қызығушылықтар қақтығысы жиі болып тұрса, жан-жалды айналып өте алмасыңыз анық.

Ата-анамен кикілжіңдердің болуы 

Ата-ана баласына тек жақсылық тілейді. Олардың басым бөлігі қыздарының өзінен әлдеқайда жасы үлкен еркекпен көңіл қосып, бақытты бола алатынына сене бермейді. Осы орайда ата-ана мен баланың арасында үлкен әрі шешілуі қиын кикілжіңдер пайда болуы мүмкін.

Балалармен қарым-қатынастың нашарлауы

Бұл ретте біз жасы үлкен ер азаматтың балалары жайлы сөз қозғап тұрмыз. Ол өзінен небәрі бірнеше жасқа үлкен немесе тіпті, кіші аруды “мама” деп атағысы келмейтіні сөзсіз.  Дейтұрғанмен, кейбір сылқымдардың жолы болып, олар болашақ “балаларымен” бірден тіл табысып жатады.

Кейбір жұптар қоғамның сынына қатты ілігуі мүмкін. Мұндай жағдайда әсіресе әйел адамның тарапына көп сын айтылады. Дегенмен, егер сіз өзіңіздің жарыңызды шын сүйсеңіз, өзгелердің сөзіне құлақ аспайтыныңыз анық.