News

Рамазан айында ораза тұтатындарға арналған Herbalife Nutrition бірегей ақпараттық ресурсы

2021 жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталады, ал қазақстандықтар Ораза айт мерекесін 13 мамырда атап өтеді. Жалпы алғанда, елде 13 миллионнан астам мұсылман бар және олардың көпшілігі осы кезеңде ораза - рәсімді күндіз тамақ пен сусыннан бас тартады. Таң атқанға дейін және күн батқаннан кейін ғана тамақтануға болады.

922Қаралымдар

Herbalife компаниясы – салмақ пен жақсы көңіл-күйді бақылауға арналған өнімдер санатындағы әлемдегі №1 бренд – ораза ұстаушыларды қолдауға шешім қабылдады және «Қасиетті Рамазан кезеңіндегі тамақтану» онлайн ақпараттық ресурсын дайындады (http://herbalife-ramazan.kz/), онда таң атқаннан күн батқанға дейін сергек болып, оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі туралы маңызды ұсыныстар бар.

Интуитивтік навигация, түсінікті және ыңғайлы функционалдылық, пайдалы контент, сонымен қатар десктоптарға, планшеттерге және мобильді құрылғыларға арналған бейімделген нұсқалардың қол жетімділігі – бұл пайдаланушылар бағалайтын сайт артықшылықтарының толық тізімі емес. Мұнда сухур мен ифтар кезінде қандай азық-түлікті тұтыну керектігі, неліктен тамақты өткізіп алмау немесе оларды жеңіл тағамдармен алмастыру, сусыздануды қалай болдырмау керектігі және қазақстандық және әлемдік тамақтану саласындағы сарапшылардың денсаулық үшін маңызды басқа да көптеген кеңестері мен ұсынымдары туралы мақалалар мен бейнелерді табуға болады. Барлық материалдар тақырыптар бойынша құрылымдалған және оларды оңай табуға болады.

«Біздің Тәуелсіз Серіктестеріміз үнемі өз клиенттерінен ораза кезінде ағзаны қалай қолдау керектігі туралы көптеген сұраулар алады. Біз бұл мәселені ұзақ уақыт терең зерттеп келеміз және тамақтану бойынша жаһандық және жергілікті сарапшылармен бірге тиісті ұсыныстар мен материалдарды әзірлейміз. Қазақстанда жұмыс істеген жылдар ішінде біз осы тақырып бойынша көптеген тәжірибелер жинадық және осы көктемде біз оны барлық қазақстандықтармен  бөлісуді шештік. Барлық діндар адамдар үшін Herbalife Nutrition жаңа ақпараттық онлайн ресурсы жақсы және пайдалы сыйлық болады деп үміттенеміз. Денсаулықтан артық не болуы мүмкін? Денсаулық дұрыс және теңгерімді тамақтанудан басталады! – «Гербалайф Қазақстан» ЖШС Бас директоры Эльвира Болотова өз ойымен бөлісті».

Herbalife Nutrition жаңа онлайн ресурсы ораза ұстаушылар үшін де, және олар үшін тамақ дайындайтын адамдар үшін де пайдалы болады. «Теңгерімді дәм әліппесі» бөлімінде дәмді, тойымды және пайдалы тағамдарды дайындауға арналған 50-ден астам қадамдық рецепт барБарлық материалдарды интернетте жүктеуге, басып шығаруға немесе пайдалануға болады. Бірақ бұл бәрі емес! Ақпараттық бөлімде пайдаланушылар Zoom-ға арналған түсқағазадар, шығыс стиліндегі әдемі ашықхаттар таба алады, олармен жақын адамдарын және достарын құттықтауға болады, бұл қашықтықтан байланыс кезінде ерекше маңызды болды.

Herbalife Nutrition компаниясы 40 жылдан астам уақыт бойы соңғы ғылыми жетістіктерге негізделе отырып, функционалдық тамақ өнімдерін әзірлеумен айналысып келеді. Бренд өнімдері тәуелсіз халықаралық сертификаттаудан өтеді және сапа мен қауіпсіздікті бақылаудың ең қатаң талаптарына сәйкес келеді. Ораза ұстаушылар үшін тағы бір маңызды сәт – Herbalife Nutrition барлық өнімдері Халал сертификаттарына ие. 2020 жылы брендтің флагмандық өнімі – Формула 1 Протеинді коктейлі – кезекті рет жоғары марапатқа және тұтынушылар тарапынан – Қазақстандағы №1 жыл таңдауы Халықаралық фестивалінің сыйлығына ие болды.

 Herbalife Nutrition компаниясы барлық қазақстандықтарға алдағы жеңіл және теңгерімді оразаны тілейді!