Ас мәзіріНегізгі ас

Рибай стейкін әзірлей аласыз ба?

Құрамы: 

Сиыр етінің қабырға бөлігі – 300 гр

Татымына қарай тұз

Розмарин

Сарымсақ

Тимьян

Сары май

Жасау әдісі:

  1. Ең әуелі табаны қатты қызып тұрған оттың үстіне қойыңыз
  2. Табаға етті салып, екі жағынан 3 минуттай қуырасыз. Үстіне розмарин, тимьян, сарымсақ пен сары май қосыңыз.
  3. Артынша, отты бәсеңдетіп, 5-6 минут қуырыңыз. Ет қуырылып жатқан кезде табадағы майды үстіне құйып отыруды ұмытпаңыз.
  4. Осы кезде етке тұз себуге болады. Соңында стейкті розмаринмен әсемдеп, жақындарыңызға ұсыныңыз. Өз қалауыңызша гарнир ұсынуға да болады. Рибай стейкіне гарнир ретінде көкөністер немесе пеште піскен картоп ұтымды болады.

Дәмі тіл үйіретініне сенімдіміз!