сәбиге қажет
Бала саулығы

Сәбиге қажет ТОП 4 өнім

Сәбиге қажет өнімдер тізімі сан алуан. Ал, оның бәрін алып қажет пе? Әлбетте, сәбиімізге ең жақсы дүниені алып бергіміз келеді. Бірақ үздігін іздеп жүріп, басты дүниені назардан тыс қалдырып жататынымыз тағы бар.

Көбіне жас ата-ана еш қажетсіз әрі қолдануға ыңғайсыз дүниелерді алып, еш қолданбаулары да жиі кездесіп жатады. Ол да себепсіз емес. Сәби күтімі туралы ақпараттың барлығын ақтарып, соның барлығын алар болсаң жүздеген мың теңгелік шығынға батып кететініңіз рас. Қуантарлығы, мұның барлығы шындыққа қайшы. Сәби күтіміне аса қажет заттардың тізімі сіз ойлағандай сан алуан емес! Біз жасаған ТОП 4 өнімді өзіңіздің тізіміңізбен салыстырып көріңіз.

№1. Сәбилерге арналған сүтті қоспа

Омырау сүті — жаңа туған нәресте үшін ең пайдалы тағам. Алайда, босана салып омырау сүті келе қоймаса, сүтті қоспаларға жүгінуге болады. Сәбиге қажет ТОП өнімдер тізімінің басына сүтті қоспаны бекер шығарған жоқпыз. Қазір нарықта сүтті қоспалардың түрі көп. Бірақ таңдап отыруға уақыт болмаған жағдайда бірден іске кірісу керек болады. Сол үшін баланы қосымша тамақтандыруды алдын ала ойланғаныңыз жөн.

Сүтті қоспаны таңдауда оның құрамы ана сүтіне максималды ұқсас болғанына назар аударыңыздар. Барлық сүтті қоспалар сәби ағзасының сұранысына сай – ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәруменді-минералды кешендермен байытылады. Көбінесе барлығы сиыр сүті негізінде жасалып ұсынылған. Оның себебі де жоқ емес — бағасы қол жетімді. Бірақ сиыр сүті негізінде жасалған сүтті қоспалар сәби ас қорыту жүйесіне ауыр тиеді. Мұны әлем бойынша жүргізілген клиникалық зерттеулер растап отыр. Мәселен, сәбидің ішінің ауруы, іш қату мен құсуы туралы білесіз ғой. Көбіне көп мұның себебі дәл осы сүтті қоспаны дұрыс таңдамауда.

Сәби ағзасы ешкі сүтін жеңіл қабылдайды. Асқазанда ешкі сүтінің немесе ешкі сүтінен жасалған сүтті қоспаның ұйындысы сиыр сүті негізінде жасалған қоспалар ұйындысына қарағанда жеңіл қорытылады әрі оңай сіңеді. Себебі ешкі сүтінің ақуызы ана сүтінің ақуызына өте ұқсас. Көбіне ана сүтімен емізуден аралас тамақтануға немесе толықтай жасанды тамақтануға көшкен сәби ыңғайсыздық сезініп, ішіне жел толып, бұрап ауырып, тіпті құсуы да жиілейді. Ал мұндайда ешкі сүті негізінде жасалған сүтті қоспамен тамақтандырса ол іштің ауыруы мен қатуын азайтады. Ешкі сүтінен жасалған қоспаларды таңдау да оңай, себебі сиыр сүті негізінде жасалған қоспалардың түрі ешкі сүтінен жасалған қоспаларға қарағанда өте көп.

 

сәбиге қажет езбе

2013 жылы қазақстан нарығына Kabrita® нидерландық бренді кірді. Kabrita® барлық халықаралық стандарттарға сай әрі қоспа құрамында сәбидің дұрыс дамуы мен өсуіне қажеттінің барлығы бар.

Kabrita® сүтті қоспасының басты ерекшелігі — нағыз ешкі сүті негізінде және DigestX майлар кешенімен жасалған. DigestX майлар кешені — ас қорытуды қалыпқа келтіретін ерекше өсімдік майлардың кешені. DigestX – ас қорытуды жеңілдететіндігі, үлкен дәретті жұмсартып, кальций сіңімін жақсартады және энергия алмасу процессін ұлғайтатындығы клиникалық дәлелденген.

Оған қоса, Кабрита сүтті қоспасы микробиота мен иммунитетті қалыстастырушы пре/ пробиотиктер тиімді комбинациясымен байытылған. Айта кетейік, сәбидің көру жүйесі мен миының дамуына Омега-3 және Омега-6 аса қажет болғандықтан айтулы сүтті қоспа құрамында олар да қажетті мөлшерде байытылған.

Кабрита сүтті қоспасының құрамындағы ешкі сүтінің табиғи олигосахаридтер мен нуклеотидтері сәбидің иммундық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосады.

Kabrita® – сәби өмірге келген күннен бастап пайдалы әрі тиімді тамақтануға арналған сүтті қоспа. Сәбилерін Кабритамен тамақтандыратын аналар оның асқазанға жағымды әрі іш ауруды, іш қату мен құсудың азайғанын айтады. Көптеген пікір қалдырған оқырмандар оның дәмі жағымды әрі табиғи тәттіленген екендігін де қоса айтады.

2. Газ шығарғыш түтік

Ас қорыту жүйесінің бұзылуы түрлі жағымсыз нәтижелерге алып келеді. Омырау сүтін ішетін де, сүтті қоспамен тамақтанатын да баланың іші ауырып, қатуы мүмкін. Мұндайда мәселені арнайы массажбен немесе сәби ішін жылыту арқылы шешуге болады. Оның өзі көмектеспей жатса газ шығарғыш түтікті пайдаланып көріңіздер.

Сәбиге қажет айтулы құрылғыны таңдауда мұқият болғаныңыз абзал. Түтіктің ұшы тегіс және кіргізетін бөлігінің шектеулі тұсы болғандығы маңызды. Бір рет қолданатын түтік сәбиді инфекциялардан құтқарады әрі гигиенаны сақтайды.

сәбиге қажет түтік

Осы айтып отырған сипаттаманың барлығына Windi швед фирмасының газ шығарғыш түтігі сай келеді. Windi түтігін қолдану қарапайым және сәбиге ешқандай қауіп келтірмейді. Айте кетейік, бұл түтіктердің құрамында сәбилерде аллергиялық реакция тудыратын латекс сынды қауіпті компоненттер жоқ. Ал, тауар қаптамасының сыртында жазылған нұсқаулықтың көмегімен қолдануды жеңілдете аласыз. Онда тіпті сәби ішіне қалай массаж жасау қажеттігі де көрсетілген.

Бала іші ауырып, жел жиналса дәрілерді қолдану немесе түтікті қолдану қажеттігін ойласаңыз, таңдау өзіңізде!

№3. Мұрынға арналған аспиратор

Әр жас ананың қобдишасында болуы тиіс құрылғы. Сәби суықтап ауырып қалса немесе мұрнынан су ақса ананың көмегінсіз бұл мәселе шешілмейді. Сәби мұрнындағы сұйықтықты кетіру — міндетті процедура. Мұрын қоймалжыңын алмасаңыз ол өзге де отит, синусит, гайморит сияқты ілеспелі ауруларға әкелуі мүмкін. Оған қоса физиологиялық құрылымға сәйкес сәби мұрнының ішінде қатып қалған қоймалжыңдар оның дем алысын қиындататындықтан оны да алып отыру маңызды.

Қазір нарықта сәби мұрнына арналған үш түрлі аспираторлар бар: сепкіш, вакуумды және механикалық. Егер айтылғандардың біріншісі мұрын қоймалжыңын қажетті мөлшерде ала алмаса, екіншісі қауіпті болып жатады. Сол себепті біз механикалық аспираторға басымдық береміз.

Сәбиге қажет механикалық аспираторлар ішінде аналар көбіне NoseFrida аспираторын таңдайды. Өзгелерге қарағанда оның артықшылықтары да жетерлік:

  • Тегіс әрі дөңгеленген ұшы онсыз да ісінген, қабынған кішкентай ғана мұрынды зақымдамайды.
  • Аспиратор оңай бөлшектенетіндіктен, оны жуып, кептіру де жеңіл.
  • Катетері ұзын болғандықтан, ауырған баладан қажетті қашықтықта мұрынды ыңғайлы тазалауға мүмкіндік береді.
  • Процедура кезінде бактерияларды тасымайтын ауыстырмалы фильтрлері бар. Қаптамада 4 фильтр бар, қажет болса тағы да бөлек сатып алуға болады.
  • Жаңа туған сәбилерге де қолдануға жарамды.
  • Аспиратормен бірге ыңғайлы контейнер мен нұсқаулығы да бар.

NoseFrida аспираторы әр ана үшін бала ауырып қалған жағдайда да, күнделікті гигиеналық процедураларды да қауіпсіз орындауға аса қажет көмекші.

4. Тіс шыққанда қолданатын құрал

Егер сәбидің тісі шығып жатқан болса, оған көмектесу оңай. Мұндай сәтте кеміргіш ойыншықтарды сатып алуға болады. Сәбиге қолына түскен зат немесе ойыншыққа қарағанда мұндай арнайы ойыншықтарды тістеп, кемірген қауіпсіз.

Сәби тісі енді шыға бастаған сәтте анасы сабырға келіп, саналы түрде қадам жасағаны дұрыс. Арнаулы гельді тамақтануға 30 минут қалғанда жағу қажет. Дәл осы сәтте жоғарыда айтқан «кеміргіш» ойыншығымыз көмекке келеді. Өйткені ол ауырсынуды қойдырмайды, бірақ уақытша бала қызыл иегінің қышуын басады.

Тіс шығып жатқан кезде қолданатын гельдер қауіпсіз, алайда барлығының құрамында лидокаин немесе холина салицилат бар. Ал бұлар ауырсынуды басатын синтетикалық қоспа. Сол себепті мұндай гельдің жағымсыз әсері — тілдің жансыздануы мен жұтынудың бұзылуына алып келеді. Сонымен қатар, гельді жұтып қойған жағдайда аллергия тудыруы да ғажап емес.

Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында итальяндық Dentinale natura гелі ұсынылған. Оның құрамы табиғи әрі жұтып қойған жағдайда бала денсаулығына қауіпсіз. Гель құрамындағы табиғи өнім – босвеллия экстракты ауырсынуға әрі қабынуға қарсы әсер етсе, түймедақ пен алоэ вера шырыны – антисептикалық әрі тез жазатын әсерге ие.

сәбиге қажет гель

Айтулы гель дәмі өте жағымды болғандықтан сәбиіңізге де ұнайтыны анық. Ол үшін қолыңызды жуып, саусағыңыздың ұшына гельді жағып, сәбиіңіздің қызылиегіне жаға отырып, массаж жасаңыз.

Бүгінде сәбилерге арналған тауарлардың саны көп. Алайда оның қайсысы қажет, қайсысы қажет емес екендігін саралай отырып дұрыс таңдау жасаңыздар. Сәбиіңіздің қауіпсіздігі — басты назарда!

Ұқсас мақалалар:

Бала суретінің сыры қандай?