ДенсаулықСаулық үшін

SENI CUP – «Ерекше жандарға» шексіз мүмкіндіктер

Елімізде осымен екінші рет психоневрологиялық ауытқушылығы бар жеткіншектер арасында халықаралық турнир өтті. Мини футболдан өткен сайысқа 12 команда қатысып, үздік команда өкілдері Польшаға жолдама алды. Айта кетейік, «ерекше жандарға» мұндай мүмкіндікті OASIS GROUP DISTRIBUTION компаниясының Seni бренді ұсынған еді.

Қазіргі таңда «ерекше жандар» үшін түрлі іс-шаралар өтілуде. Солардың бірі және бірегейі SENI CUP халықаралық турнирі. Турнирдің басты міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамды өзара біріктіріп, қарым-қатынас құру, оларға қоғамның бір бөлшегі екендігін ұғындыру. Ойындар мен жүлделі орындар арқылы қатысушы тек физикалық түрде дамымай, өзіне деген сенімін арттырып, шексіз мүмкіндігіне сене бастайды. Турнирге қатысушылардың жас мөлшері мен жынысы ескерілмейді.

Өткен жылы SENI CUP турнирі Қазақстанда алғаш рет өтті. Оған 8 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда Польшаның Торунь қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстанның атынан шықты. Бұл қатысушылардың өміріндегі ең жарқын сәттердің бірі болды. Себебі олар сонау Польша мемлекетіне бірінші рет ұшақпен ұшып барып, естен кетпес 3 күнін өткізді. Бірінші күні турнирдің ашылу салтанаты болып, қатысушылар ескі де әсем Торунь қаласын аралады. Екінші күні негізгі 6 ойын өтті. Үшінші күн шешуші ойындар мен турнирдің жабылу салтанатымен есте қалды.

Ал, биыл аталмыш турнир ағымдағы жылдың 10-12 қыркүйек айында Алматы қаласында өтті. Оған психофизикалық ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты. Турнир нәтижесінде екінші жыл қатарынан жеңіс тұғырына №7 арнаулы оңалту мектеп-интернатының түлектері шығып, жеңімпаз атанды. Енді олар 2019 жылы Польшада өтетін халықаралық турнирде Қазақстан атынан өнер көрсетпек. Турнир соңында қатысушылар ТЗМО компаниясының сыйлықтарына ие болды.

ТZМО – бүгінде мол тәжірибе мен заманауи технологиялардың арқасында гигиеналық, косметикалық және медициналық өнім өндіріп, әлемдік нарыққа тасымалдаушы компания. SENI, BELLA, HAPPY – әлемнің 60 мемлекетінде қолжетімді болмақ. 20 жылдан астам уақыт бойы бұл өнімдерді Қазақстан нарығына OASIS GROUP DISTRIBUTION компаниясы ұсынып келеді. OASIS GROUP DISTRIBUTION – халық қолданысындағы тауарларды тасымалдаушы ірі компания. Ол тек мүгедек жандарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіп қана қоймай, әлеуметтік қамқоршы біліктілігін арттыру үшін жылына екі рет шетелдік дәріс оқушы мамандарды шақырып, түрлі оқыту шараларын ұйымдастырады.
Айта өтейік,
Seni CUP турнирінің тарихы осыдан 24 жыл бұрын бастау алып, сол 24 жыл бойы Польшада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Өткізілу аумағы да жылдан жылға кеңейген. Ресей, Литва, Германия, Словакия, Венгрия, Чехия сынды TZMO компаниясының өкілдігі бар барлық елде айтулы турнир кең етек жайған.

Әзірге Алматы қаласында ғана өткен мини футбол турнирі болашақта Астана, Қарағанды секілді Қазақстанның өзге қалаларында да жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда. Келесі турнир 2019 жылдың қыркүйек айына белгіленді.