Жан әлеміӨзіңді дамыт

Сенімділіктің 7 жолы

Адамзат баласы өзіне деген сенімділігін жоғалтып алатын кездер болады. Десек те, мұның тұңғиығына батып кетуге болмайды. Өйткені, өзіне деген сенімсіздіктің болуы – көптеген сәтсіздікке жол ашады. Сондықтан қай уақытта болмасын, қай жаста болмасын өзіңізді жоғары бағалап, барлық қарым-қабілетіңізді арттыруға тырысыңыз. Қандай да бір жетістікке жетудің төте жолы – сенімділіктің жемісті нәтижесі. 

1. Ешқашан өзіңіздің батыл тұстарыңызды ұмытпаңыз және тым қатал болмаңыз

Тек қана өзіңізге тән сапалық қасиеттеріңіздің тізімін жасаңыз. Онда Сіздің қолыңыздан келетін дүниелер ғана болсын. Өз-өзіңізге шыншыл болыңыз. Жалғандықтан сырт айналып жүріңіз. Қол жетпейтін ерекше қасиетті іздеп, сарсаңға түспеңіз. Қарапайым ғана: жұмыс үстеліндегі реттілікті қалаймын, бастаған ісімді соңына жеткіземін, есте сақтау қасиеті жақсы дамыған, т.с.с. Бұл тізімді апта сайын оқып, тізіміңізді толықтыра беріңіз. Мінсіз адам болмайды. Қателіктерге бой алдырамыз. Алайда, оның бәрі тек біздің кінәлі болуымыздан емес екендігін ұмытпау қажет.

2. Денсаулығыңызды күтімге алыңыз

Егер Сіз жақсы формада жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз. Күнделікті дене жаттығуларын жасауға дағдыланыңыз. Ол күш-жігер мен табандылықты арттырып, күйзеліске түсушілікті жоғалтады. Дұрыс тамақтанып, ұйқыға жеткілікті деңгейде көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүргендігіңізден ләззат алып, өмірден бәрін алып үлгеруге тырысыңыз.

3. Сабырлылық сақтаңыз және кез келген күйзелісті жеңілдетуге тырысыңыз

Абыржу мен асығыстықтан қашыңыз. Күйзеліске қарсы тұрар төзімділікті дамытыңыз. Релаксацияның қарапайым техникалары мен күйзеліспен күресу – денені, ақыл-ойды тыныштандырып, қорғаушы шеңбер рөлін атқарады. Күнделікті релаксацияға уақыт табыңыз, кемінде 5 минут. Күніге бірер минут шексіз ойға ерік берсеңіз зор пайдасын тигізеді.

4. Өз құқықтарыңыздың бар екенін ұмытпаңыз

Құқықтарыңыздың барлығын жұмыс барысында жүзеге асырған жөн. Мәселен: өзіңіздің жеке пікіріңіз бар, сізді өзгелер құрметтеуі, тең дәрежеде сөйлесуі, тыңдауы және балағаттамауы қажет. Сіздің қателесуге, сәтсіздікке ұшырауыңызға хақыңыз бар. Сондай-ақ, шатасқан тұстарыңыздан қайта түзеп, жаңадан бастауға да мүмкіндігіңіз бар.

5. Жоспарлаңыз, мақсат қойыңыз және ұйымдастыра біліңіз

 Сіз дәл қазір қандай деңгейде тұрғаныңызды және болашақта неге қол жеткізетіндігіңізді білгеніңіз жөн. Нені қалайтыныңызды анық біліңіз. Бәрін мұқият таразыға салыңыз және жоспарлаңыз. Алғашқы қадамыңыз қалай болатынын шешіңіз және соны жасаңыз. Өз жоба-жоспарыңызды мүмкіндігінше түзеп үлгеріңіз. Алдыңызда қандай міндет тұрмасын, оған сақадай-сай дайын болыңыз. Жеке басыңызды дамытуға көп көңіл бөліңіз. Сонда өзіңізді жоғары бағалау одан ары жоғарылай түседі.

6. Өзіңізге деген сенімділік

 Қозғалыс жасаңыз және өзіңізге сенімді сөйлеңіз. Сонда сіз жәй ғана солай көрінбейсіз, өзіңізді солай сезінесіз. Басыңызды көтеріңіз, иығыңызды тіктеңіз. Әңгімелесушімен анық әрі нақты сөйлесіңіз. Әдемі дауыс ырғағыңызбен өзгені өзіңізге баурай біліңіз. Әркез сабырлылық пен сенімділікті ұмытпаңыз.

7. Қалағаныңызды көз алдыға елестетіңіз, яғни армандаңыз

Лимон қиықтарын жеп отырмын деп елестетіңіз. Ұртыңыз толықтай сілекейген болар. Солай ма? Ал, адам миы қиялға берілу мен шынайы өмірде болып жатқанды ажырата бермейді. Сол себептен, қиялдаңыз. Ол міндетті түрде жүзеге асады. «Әрекет бар жер де, берекет бар екенін» әсте есте сақтау қажет. Қай уақытта болсын ойыңызға ерік беріп, елестетіп көрумен қатар, соның орындалуына ұйытқы болыңыз.