News

Шаһарда тағы бір «Молл Апорт» бой көтеруде

2023 жылдың көктемінде шаһарымызда 120 мың шаршы метрді құрайтын екінші «Aport East» Lіfestyle сауда орталығы іске қосылмақ.

Алматының шығыс аймағында тағы бір «Молл Апорт» сауда және ойын-сауық кешені бой көтеруде.

ҚР Сауда жылжымайтын мүлік девелоперлері Одағының төрағасы Дмитрий Ревиннің, сондай-ақ Апорт сауда және ойын-сауық кешендерінің бірлескен меншік иесінің сөзінше: «Aport East екінші моллының жобасын іске асыру үшін Орталық Азияда мол тәжірибесі бар халықаралық компания шақырылды. Жоба Алматы әкімдігі мен DAMU қорының қолдауымен салынуда».

Жалпы жоба жасаушыларының пайымдауынша, екінші молл біріншіден де асып түспек. Kinopark-Kinoplexx желісін дамыту жөніндегі директор Жанна Налаева «құрылысы жүріп жатқан кешенде Қазақстандағы ең ауқымды кинотеатр – Kinoplexx 16 IMAX экраны ТМД-дағы ең үлкен экрандардың бірі болатындығын, сонымен қатар 16 залы мен ауданы 6700 шаршы метрді құрайтын IMAX залы жоспарланғандығын» атап өтті.

Hawaii және Miami resort&spa кешендерінің жетекшісі Айгүл Астаева:

«Жаңа сауда орталығында 25 мың шаршы метрлік жағажайлармен жабық және ашық аквапарктер жобаланған, жоба ішінде отбасымен демалуға арналған ауданы 2000 шаршы метрден асатын spa-орталық орналасқан түрлі бассейндар мен су аттракциондары бар. Себебі отбасы кешеннің мақсатты аудиториясы болып қала бермек. Біз үшін ең бастысы – қауіпсіз әрі жайлы демалысты қамтамасыз ету. Ол – қаламыздағы тропикалық резорттың атмосферасы. Сондай-ақ, молл аумағында қала қонақтарына арналған қонақ үй салу жоспарланып отыр», –деп атап өтті.

Айта өтейік, жоба алаңдарының 35%-ы «ақылды демалысқа», 50%-ы сауда алаңдарына, 15%-ы «жасыл» жаяу жүргіншілер аймағы мен ойын-сауық саябағына, мейрамханалар мен қызметтерге арналған.