Ақ босағаОтбасы

Шаңырақ көтерудің шарттары қандай?

Екі жас жұп құрған соң, туған-туыстың барлығы олардан жаңалық күтеді. Шекесі торсықтай баланы дүниеге алып келіп, отағасын, ата мен енені шаттыққа бөлеу- барлық келіннің арманы. Алайда арманның жүзеге асуы үшін алдымен әрекет керек. Дені сау ұрпақты сау ана ғана өмірге алып келеді. Ендеше шаңырақ көтерудің де заманауи шарттары бар. Оны да ескере жүрген дұрыс.

Тұрмысқа шығар алдындағы дайындық

Ер мен әйелдің  3 ай бұрын дәрігерлік тексеруден өтіп, арнайы дәрумендер қабылдағау әрекетін жоспарланған жүктілік деп айтамыз. Отбасын құрар алдында жұптар сол тексеруден өтсе, нәтиже де жаман болмайды. Тұрмысқа шығар алдында қыздар прегравидарлы дайындықтан өтуі керек. Прегравидарлы дайындықтың алгоритмі мынадай:

  • Толық анамнезі.
  • Терапевтің (ЖТД), акушер-гинекологтің тексеруінен өту.
  • Жалпы қан және зәр сараптамасы.
  • ЭКГ.
  • Жатыр мен бүйректі УДЗ тексеруден өткізу.
  • ЖЖБИ тексерілу .
  • RW, ВИЧ сараптамасын жасату

Генетиктің қабылдауында болу.

Тексерістерден кейін денсаулықта қандай да бір ақау пайда болса, оны емдеу шарасына көшкен дұрыс.

Болашақ әкенің денсаулығы

Бала денсаулығының жауапкершілігі тек қана анаға қатысты емес. Ер адамдардың да белсіздік көрсеткіші денсаулық саласында анықталып тұрады. Сондықтан ер азаматтар да жоғарыда көрсетілген сараптамалардан өтіп, дәрігердің қабылдауында болуы тиіс. Әйелдерге қарағанда ер азаматтардың дәрігерлік тексеруге үрейлене қарайтыны анықталған. Ал аурудың алдын алып, сау ұрпақтың дүниеге келу жауапкершіліг ол үрейді жеңуі тиіс.

Жүктіліктің кешігу себептері

Әрине,дәрігер ретінде жүктіліктің кешігуіне көптеген себептерді көлденең тартуға болады. Оның үстіне әр адамның ағзасының жетілу ерекшеліктерінің әртүрлі болатынын ескергеніміз дұрыс шығар. Сонымен қатар, жұптардың жанұялы болуға психологиялық тұрғыдағы дайындығы да жүктіліктің кешігуіне әсер етуі мүмкін. Жұптардың биологиялық жасы да өз әсерін тигізбей қоймайтынын ескеру керек. Жасы 30-дан асқан, немесе түрлі жатыр жарақатын алған аналарды хромосомалық ауытқу болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін генетиктердің қабылдауына нұсқау беріледі.

Есте сақтайық

Некеге тұрмақшы болған екі жас дәрігерлік тексеруден өту- өз еріктерімен жүзеге астатын түсінуі тиіс. Алайда арнайы тексеруден ешкім күштеп өткізбеген күннің өзінде, денсаулық- барлығынан маңызды екенін түсінген дұрыс.

Фолий қышқылы

Ағзадағы барлық мүшелердің, ұлпалар мен тіндердің өсіп –жетілуіне  фолий қышқылы қажет. Ұсқынсыз, мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі, психикалық және физикалық дамудың бұзылуы жүкті кезге дейінгі, немесе жүктілік кезеңіндегі  фолий қышқылының жетіспеуінен болуы мүмкін. Сондықтан дәрігер арнайы сараптамалардан соң, сізге нұсқаулық береді.

Мадина Көкенова

№3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері