Cән мен сұлулық

Шаш түсуінің себептері мен күресу жолдары 

Шаштың қалыптан көп түсуі қыз-келіншектерді әуре-сарсаңға түсіретін келеңсіздіктің бірі. Алайда, қалыпты шаш түсу деген не? Бұл турасында трихологтардың өз уәжі бар. «Қалыпты жағдайда адам күніне 60-тан 100-ге дейін шаш талын жоғалтады. Тарағыңыздан бір уыс шаш тапқан кезде абыржымас үшін осы ережені есте ұстаған жөн. Егер шашыңыздың одан көп түсіп, сирей бастағанын сезсеңіз, оның себептерін анықтап, әрекетке көшу керек», – дейді.

1 себеп: Агрессивті стайлинг

Қатты тарақтар, шаш түзейтін немесе бұйралайтын құралдар, лактар ​​мен спрейлер шашыңызға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Зақымданудың негізгі белгісі – тарақтағы түйіндері жоқ, сынған шаш талдарының қалуы. Тағы бір белгісі: шаштың бұрынғы күйіне қарағанда жұқаруы.

Не істеу керек? Ең алдымен, шашты ылғалдандыратын барлық сұлулық процедураларын уақытша тоқтатыңыз. Сондай-ақ, жұмсақ қалпына келтіретін өнімдерден – майлар, маскалар мен өзге де шипамайлардан қорғаныңыз. 

2 себеп: Қалқанша безі жұмысының бұзылуы

Гипотиреоз (қалқанша безінің жеткіліксіздігі) және гипертиреоз (қалқанша безінің шамадан тыс белсенділігі) – ең алдымен қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуі мен шаштың өсуіне жауап беретін гормондар өндірісінің бұзылуына байланысты шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. 

Не істеу керек? Біріншіден, эндокринологқа жүгініңіз және барлық тағайындамаларды мұқият орындаңыз. Екіншіден, тауық еті, тофу, грек йогурты және жаңғақтар сияқты ақуызға бай тағамдарды жеп көріңіз. 

3 себеп: Көп күйзеліске салыну

Сары уайымға салыну, жүйке жұқартатын сәттер, тіпті ұзақ уақытқа созылған тұмау шаш түсуін тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайдағы ең қиын нәрсе – күйзелістің себебін анықтау. Бірақ бір қуантарлығы, депрессиядан арылғаннан кейін шаштың түсуі де дереу тоқтайды.

Не істеу керек? Егер күйзелісті жоюға арналған өзіндік әдістер (мысалы, медитация, тұрақты серуендеу және табиғат аясында көбірек уақыт өткізу) көмектеспесе, дәрігер көмегіне жүгініп, тыныштандыратын дәрі-дәрмектерді тағайындауын сұраңыз. 

4 себеп: Жүктілік және босану

Жүктілік пен босануды бастан өткерген әйелдердің көпшілігі шаш түсуін де бастан кешіреді: құрсақ көтерген кезде эстрогеннің күрт жоғарылауы шаштың белсенді өсуіне әкеледі, бірақ босанғаннан кейін «әйел гормондарының» деңгейі қалыпқа келген уақытта шаш «демалу» фазасына өтеді. Осы себепті шаш түсе бастайды.

Не істеу керек? Ештеңе. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін шаш түсу мәселесі араға үш-төрт ай салып қалпына келуі әбден мүмкін. Алайда босанғаныңызға жарты жыл өтіп, шашыңыз түсуін тоқтатпаса, эндокринологқа жүгініңіз. Бәлкім, гормоналды фон дұрыс қалпына келмеген болар.

5 себеп: Поликистозды аналық синдромы 

Поликистозды аналық без синдромында әйел денесі тестостерон гормонын тым көп мөлшерде шығарады. Бұл гормонның жоғарылауы салмақ өсуіне, бет терісінің проблемаларына, артық шаштардың пайда болуына және шаш түсуіне әкеліп соғады.

Не істеу керек? Ең алдымен, гинеколог-эндокринологқа қаралыңыз. Дәрігеріңіз гормоналды деңгейлерді қалыпқа келтіру үшін гормоналды препараттарды және инсулин деңгейін реттеуге арналған дәрі-дәрмектерді тағайындауы қажет. Осылайша шаш түсуі бірнеше айдан кейін тоқтайтын болады.