Cән мен сұлулықДене күтімі

Шашты майландыруға әкелетін 7 себеп

Бұрымдылардың арасында шашын күнара жуатындардың қатары жиілеген. Өйткені, шаш жиі майланып, аруларды қолайсыздыққа әкелетіні анық. Олай болса мәселені шешудің жолдарын бірге қарастырып көрейік.

Қолыңызды тыйыңыз! Ойланып не зерігіп отырып, саусақтарыңызбен шашыңызды тарайсыз. Қиын тапсырмаға тап болсаңыз да басыңызды ұстайсыз. Қимылдарыңызға сақ болыңыз! Мұндай іс әрекет бас терісінде майдың тез бөлінуіне алып келеді.

Шашты күнде жумаңыз! Сіз күнделікті өмірде қолданатын сусабыныңыз бас терісіндегі және шашыңыздағы табиғи майлылықты қоса жуып тастайды. Ол қайта қалпына келуі үшін ағзаға біраз уақыт керек. Әрине, жұмыс барысында майлы шашпен жүру қолайсыз. Десе де бірте-бірте шашыңызды аптасына 2-3 рет жууға үйретіңіз.

Бальзам таңдағанда абай болыңыз! Бальзам пайдаланғаннан кейін шаш жылтырап, жұмсақ болады. Бірақ бальзамды өз шашыңыздың ерекшелігіне байланысты таңдаңыз. Өйтпеген жағдайда, шашыңыздың саулығын құртып аласыз. Қолдану ерекшелігіне де көңіл бөліңіз. Бальзамды шаштың ұшына ғана жақсаңыз жеткілікті.

Тарақпен көп тарамаңыз! Тарақ тиген сайын бас терісіндегі майлы қабыршықтар шашқа шығып, шашыңыздың кірленуі жиілей түсетінін есте ұстаған жөн.

Тарағыңыздың тазалығы қадағалаңыз! Әдетте тарақты үстел үстіне қоясыз, сөмкеңіздің ішіне саласыз. Күні бойына тараққа жабысқан кір мен шаң шашыңызға барады. Нәтижесінде лас тарақпен тарағаннан шаш жиі майланады. Тарағыңыздың да тазалығына көңіл аударыңыз.

  Сападансаулыққа. Шаш үлгісін жасауға қолданатын құралдарыңызға сақ болыңыз. Мусс, лак сияқты көмекшілерді шашыңыздың ерекшелігіне қарай(майлы,құрғақ) таңдаңыз. 2-де 1, 3-те1 деген жарнамалардың санын емес, сапасын ескеріңіз.

Шашыңыз да демалсын! Егер құрғақ шампуньді көп қолдансаңыз, ерте ме, кеш пе тері бітеліп қалады. 3-4 айда бір пайдаланып, сау шашыңызды қалпына келтіріп алыңыз. Сусабыныңызды ауыстырып отырғанның да пайдасы көп.